Моңғолдың тәуелсіздігінің жауы ол Далай лама

Jan 19, 2021


Моңғолдың тәуелсіздігінің жауы ол Далай лама


Мемлекет тәуелсіздігінң мерекесіне байланысты  «Моңғол елінің тәуелсіздігі және Далай лама» тақырыпта « Эксперт сөйлесіліп жатыр» хабарламасының  бөлімінің осы кезеккі номерінде философи С.Молор- Эрдэнэді шақырып әңгімелесті.

-Жақында 14ші Далай лама біздің елімізде төрт күнгі уақытпен сапар шегіп келіп қайтты.Сіз үшін осы сапардың алдында ғана «Далай ламаға Моңғолдар кім болғанын көрсететін уақыт келіп жетті» тақырыптағы мақала жазып бастырғаныңыз қоғамда көбірек шу шығарғандай болды?

-Далай лама Моңғол елінің тәуелсіздігін елемегені үшін кешірім сұрауы қажет.

-Солай ма.Не үшін кешірім сұрауға тиіс?

-Мен оған қатаң негіздеме айтайын.Бәрінен бұрын ең бірінші біздің тәуелсіздігімізді елемей әлемнің алдында Моңғолды ұят жағдайға қалдырды. Сырттың адамы мемлекетімізге келіп алып халықтың ақыл ойын мазасыздандырып, үкіметті сапырылыстырып, өз жайында жүріп жүрген күнеделікті өмірге бөгет болып,интернет желісінде адамдарды айқайлатып шулатып жанжалдастырып,арасынан жарықшақ пайда болдырып бір біріне қарсы қойып жауластырып соңында біздің экономикамызды, саясаттың жағдайына қиындық,зақым келтіріп дипломаттық дәстүрге қате шығартып осылайша кетіп қалды.

Алдында да осылай жасайтын. Осындай адамдарды отанына еңгізіп бос жіберіп тіпті кейбіреулері мақтап әндетіп жатқан бұл жағдай біздің қаншалықты аңқау, өзгенің сөзіне еріп,қараңғы сезімге беріліп,келешек дамысын құртып жатқанын әлемге көрсеткені өкінішті.

Әлем бізді көріп расымен мазақтап жатыр. Бұл Моңғол деген неткен дәрменсіз мемлекет еді деп. Жай бір адам қалаған уақытында кіріп келіп өмірлерін сапырылыстырып тастап шығып жүре береді.Қандай визамен,кімнің шақыруымен кіріп келгені білінбейді. Енді тіпті Далай ламаны кім шақырғаны да белгісіз болып қалды ғой.

Бұл негізінде бізді ой санамыз тұрғысында тәуелсіз мемлекет емес екенімізді көрсетеді. Кез келген кіріп келіп арасынан жанжалдастырып,төбелестіріп алып кетіп қалатын мүмкіндіктегі осындай рестіз, әй дейтін әже қой дейтін қожасыз мемлекет екенімізді көрсетіп алдық.

Бізден басқа мемлекеттер бұл Далай ламаны үйтіп қалай болса солай шекарасынан өткізбейді. Қайда жүру,кіммен кезігу,не айтатынын анықтап тексеріп алып өз мекендеріне енгізеді.

Далай лама келерден бұрын ғана Қытай жағынан хабар бермеген болса Моңғолдың саясаткерлері Далай ламаны олай бұлай алып жүріп,елеуреп жүгірісіп,туған жерінен, тау суларынан сыйға берер де еді. Әуелі десең кәзір динозаврдың музейі қылып қойған Ленин музейін де сыйға тартқан болар ма еді.

Моңғолдың байлары жүйрік ат,жийп машина,зәулім сарайларынан сыйға тартар да еді. Сүхбатыр алаңында қандай шаралар ұйымдастырылар еді. Мұның барлығын бұлар жасап шыдамады. Егерде жаңағы айтқан істерді жүзеге асырған болса ұят жағдай болғандай еді. Далай лама бізді ұят жағдайға қалдырғаннан гөрі біз өз аяғымызды өзіміз таппай, өзімізді масқара ететін едік. Енді біздің саясаттағылар Далай лама келіп кеткеннен кейін алдында істегелі жоспарлап қойған жұмыстары барлығы құлап шокқа кіріп қалған отыр. Бұлардың барлығы  үйлеріне,кеңселеріне Далай ламаның бейнесін іліп қойған.Онысына табынып отырады.

Екіншіден, енді моңғолда қатты қыс басталып жатыр. Біз Орыстан жанармай, Қытайдан балалардың оқу құралы,құрылыс материалдары сияқты барлығын тасуға тиістіміз. Біздің экономикамыз сол қалпымен Қытайға тоқталып тұр. Осындай жағдайда тұрғанда бізді алдыңғы көршімізбен араздастырып,арықарай бірігіп жұмыстайтын дамыстың маңызды жобаларын тоқтатып қыстың қысымшылығында моңғолдарды қиын жағдайға қалдырып тастап кетіп қалды. Мүмкін бұл арықарай ушығып тек қана үкімет дағдарысы емес тіпті экономикалық дағдарыс болғалы тұр. Далай лама Қытаймен бізді араздастырып Моңғолдың саясатымен ғана қоймай экономикасын қиын жағдайға қалдырды.

-Саясаттық дағдарыс деп дәл нені айтып отырсыз?

-Саясат дағдарысы дегенім Моңғол елі саяси мәселесін жекелей жүргізетін шыдамы жоқ екен, Моңғол үкіметі далай ламаға жеңіліп жатыр, Далай лама Моңғол үкіметімен тек ойнап қана кетіп қалды дегенді айтып отырмын. Енді Моңғолдың үкіметі Қытай үкіметінің алдында қарыздар болып қалды.Қытайдың сырқы істер министрлігінен жасап жатқан мәлімдемелерге қара. Олар жоғарғы деңгейде жұмыстап жатыр.Ендеше біз айландырыпжоғарғы деңгейде жауап бере аламыз ба? Шыдамадық. Себебі шыдамсыз болғандықтан солай.

Шетелдің жоғарғы деңгейдегі келтірген мәлімдемеге біз келісті жауап бере алмай отырмыз. Бұл саяси дағдарысқа ұшырағанымыздың анық мысалы.

-Ендеше далай лама туралы сіздің түсіндірмеңіз? Далай лама Моңғол халқының дінінің бастаушысы деп табынып жүргендер де бар ғой?

-Моңғолдар неге өліп кете жаздап жүр? Не үшін тибеттерден қорқып жүреді? Тибеттер керемет, Далай лама керемет, Далай лама ұлы ұстаз, Далай ламаны ешкім сынға алуға тиіс емес, ешкім де қарсы болуға болмайды деген осындай бір ұғым ілім бе бірдеңе Моңғолдардың ішінде жүр. Ендеше қандайбір табыну,көңілкүй жағынан тыс алып көрсек Тибет дегеніміз Қытайдың қарамағында, Тибет азаматы Қытай елінің азаматы. Тибет деген ел қараңғы сенімге құлап білім, денсаулықтың соңғы кездің аурухана, мектеп жоқ, әлемнің дамысынан неше жүз жылмен қалып қалған дәрменсіз осындай ел. Мемлекетін осындай күйге түсірген Далай лама. Тибет елі бүгін осылайша қараңғы сенімге мүжіліп қалғаны Далай ламаның зардабына байланысты. Далай лама сол халықтың нілін сорып байлық, жақсылықты өзі иемденген. Далай лама еш күмәнсіз Қытай азаматы. Қытайға қарсы саяси істерге араласып,шетелдерде тығылып жүретін сондайбір сотқар ғой.

Қытайға қарсы «Тибетті босат» деген қозғалыс жариялап,Қытайға қарсы саяси ұйымдар, әсіресе Америка Құрама Штатының жасырын ұйымдарынан өте жоғарғы жалақы алады. Расымен елі үшін жүрген адам болса өз елінде, халқымен бірге болуға тиіс емес пе еді. Ана жер мына жерден ақша алып, сыртқа қаңғып жүріп қайтеді? Осындай адам. Басқа ешқандай емес.

-Ендеше моңғолдар неге мұндай адамға барлығы табынып отыр?

-Негізінде тіпті 100 жыл бұрын біз олардан ажырысқанбыз. Біз Тибеттің қол астында көптеген жүз жылдар бойы қиындық көрген адамдармыз. Осы екі ортада біздің барлық нәрсеміз тибет болып кеткен. Тибет ламалар кіріп келіп ең алдымен моңғолдардың есімдерін өзгерткен. Барлығы тибет атты болған. Біздің шешеміздің, әкеміздің, әжеміздің, атамыздың есімдері түгелдей тибет есімдер. Сүбэдэй деген Моңғол адам сирек. Шыңғыс деген Моңғол адам сирек. Бірақ Данзан, Гочоо деген Моңғол адамдар көп. Біздің есімімізді өзгертіп соңынан Моңғолдардың аңыз ертегісін барлығын өзгерткен. Барлығын богда қылған. Жақсылап бақыласаң Моңғол ертегісінің кейіпкерлері көбі Богда. Немесе көбінесе Богдадан сауап алып жатқан кейіпкер,бейнелер. Ой санамыз,ақыл сезіміміз қатты уланған осындай халықпыз. Сондықтан біз ертегі оқығанды тибеттерді оқимыз, әке шешемізді шақырсақ тибет ат шақырамыз,барлық шіркеулерде тибетше жазылған кітаптар, тибет тілінде кітап оқылады. Ана тілін моңғол адам төмен санайтын болған. Тибет тіліне табынады. Осылайша моңғол елінде Моңғол тілі шын мәнінде ресми тіл емес іспетті. Тибет тілі ресми тіл іспетті. Біздің барлық нәрсеміз тибет тілінде. Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі деген сиқты күндердің есімі де. Сондықтан мен не айтқым келеді дегенде біз ең алдымен Тибеттен босауымыз қажет. Біз ақыл ой тұрғысында тибеттің құлы болып қалған екенбіз. Бұл нағыз масқара.Сондықтан біз тәуелсіздік айтудан бұрын алдымен Тибеттен ой сана тұрғысында босатылып,ақыл ойдың тәуелсіздігін тауып алуымыз қажет. Жоқ дегенде аурухана, мектеп, үкіметтік ұйымдар, жоғарғы оқу орындарынан далай ламаның бейнесін алып тастауымыз қажет. Өртеудің қажеті жоқ, киіз үй,там үйлерде өмір сүретіндер отқа жағып жылынғаны дұрыс. Тәуелсіздік күні жоқ дегенде Далай ламадан босатылайық.

-Сіздіңше Далай ламаның моңғолға сапар шеккен арғы мақсаты неде болды?

-Қытаймен бізді араздастырып, Қытайдың шекарасын жаптырмақшы болып тырмысып жүр. Бүгін Қытай мен Орыс шекарасын жапты деп ойлайық. Онда не болады? Біз қыстың қысымшылығын жеңіп шыққымыз келеді, тірі қалып өмір сүргіміз келеді. Жанармайсыз,киім кешек,бұйымсыз біз қайтеміз? Біз Қытайға экономика тұрғысынан толықтай мойынсұнып отырғанымызға кім кінәлі? Біз өзіміз кінәліміз. Социализмнің қарқынды дамуымызды жойып,өндірістерімізді жойғанымыздың салдары. Шын мәнінде бүгіндері біз өз өзімізді жекелей алып жүріп кететін шыдамдылығымыз жоқ. Ешқандай мүмкіндік жоқ.

Жапониядан бұйымдар әкелейік деген адамдар бар.Қаласа оларын Орыс,Қытай екеуі жерлерінің үстінен ұшырмай тастап шыдайды. Сондықтан ұшақпен тасимын деген ертегі. Алыстағы Америка бізді тіпті көзге де ілмейді. Олар кедей елдердің жер астындағы байлығын алып дамыссыз қалпы тастайтын осындай тәжірибелі ел. Америкаға еріп дамыған мемлекет жоқ.Ендеше Орыс елі, Қытай еліне еріп дамыған елдер көп. Оны жоққа шығаруға болмайды.

Қайталап айтсам Далай лама бізді келемеждеп кетті. Жаймашуақ жазда келмей дәл қыстың қысымшылығы басталардың алдында алдынала дайындалып есептеп отырып келді ғой. Қытайлармен ренжістіріп кетті. Енді келесі ісіне кірісіп бізді Орыстармен араздастырып, Орыстың шекарасын жаптырады. Бұл ар жағындағы Американың жасырын ұйымының тапсырысы. СІА Американың жасырын ұйымынан ақша алатыны интернет желісіне қойылып қойған, баршаға ашық болған мәлімдеме. Қалаған адам кіріп оқи алады.

Жақында келгенде де Американың президенттік сайлауы, Трамп, саясат айтып кетті ғой. Бізге ғана лама киімімен көрініп тұрған болмаса ар жағында тіптен бөлек адам. Моңғолды Орыс пен Қытайға қарсы қойып екінші Украйна болғызғалы жүр. Қайдағы біздің тәуелсіздігіміз. Осылайша Далай лама ос реткі жоспарының мақсатын орындады. Келесі тапсырмасын орындау үшін қайтадан келетін болады.

Бізді қолдап көмектесіп жүрген екі көршіні ренжітіп, алыстағы қараңғы сенімдегі, қай бір елдің тапсырысымен тыңшы адамға жоғарғы деңгейде келемеждетіп, соңында өзара жанжалдасып соққыға жығысып,бөлініп қалу деген Моңғол адам кім дегенді көрсетіп отырмыз. Біз өте дәрмесіз,санасыз екенбіз.

Тибеттер бізді ой сана тұрғысында тығырыққы тіреп,қорлап,Манжымен бірге басып билеп келген. Манжы құлағаннан кейін жекелей басып билейтін болып Орыс, Қытайға қарсы қойып дамып жоғарылауға бөгет болумен келген тарих бар. 1930шы жылдардығы қуғын сүргін, қырғын да тибеттің ісі.

Тибет ламалары Моңғол ламаларының басын айналдырып аурухана, мектепті болып,дамып жоғарылауды тоқтатқысы келген. Әйтпесе Орыстар, Қытайлар бізге көмектескені болмаса қуғын сүргінге ұшыратқан жоқ қой. Бүгінгі Ұланбатырдағы құрылыстарға ғана қарай сал.Қаншасын Орыстар,қаншасын Қытайлар салған екен? Қытайлар бүгінгі күнде де Ұланбатырдың әйнек құрылыстарын салуда. Моңғолдың білімді жоғарғы жұмыстағы адамдардың көбі Орыста білім алды ғой. Моңғолдың жоғарғы оқу орнындағылар,партиядағылар барлығында Орыс дипломы бар. Моңғолдың байлары барлығы да социализмнің дамысын  «хуушуур» дың бағасымен ақжекеменшікке алып байыды емес пе. Орыста білім алып диплом алып ап енді Далай ламанға табынып жүгіріп жүру деген масқара емес пе? Моңғол елі білім ілімнің елі болғаны болмаса қараңғы сенімнң еле емес қой? Үкімет сарайында саясаткерлер үкіметтің жоғарғы ресми жұмыс орындарының бөлмелері,жоғарғы оқу орындарының кабинеттері, профессорлардың бөлмелері сол қалпымен Далай ламаның бейне фотосуреттеріне тола ма? Моңғол елі Далай ламаның елі емес шығар?

-Біз неге осындай қараңғы сенімге тұмсығымызды соза беретін бодық? Біз неге осы кезге дейін тибеттің ми айландырғышынан тәуелсіз бола алмай жүрміз?

-Бұл жерде үш үлкен адасу жүріліп жатыр. Алғашқысы 1930шы жылдың қуғын сүргін нақақтан жала жауып қырғанды Тибеттер өздерініен алшақтатып,Орыстар, Қытайдар сендерді сондай күйге түсірген ғой деп бізді алдағаны.Қарасаңшы. Бүгінде Далай лама не десе де сенуге дайын тұр ғой. Ендеше 30, 40 шы жылдары интернет түгіл әріп те білмейтін Моңғолдар тіптен оңай сенбей ме. Қытай мен Орыс бірігіп бізді Ұланбатыр еген қалалы,сауатты,аурухана мектепті болдырды.

Келесісі социалимзм туралы өтірік түсінік.Социализм кезінде ғана Моңғол елі өндірісті болып, үлкен үлкен өркенді жұмыстарды жасап, адамзатпен қол біріктіре дамыған.

Үшінші адасу ол демократия Мооңғолдарды құтқарады деген адасу. Бірақ бүгінгі барлық іс мектеп, аурухана, үлкен компаниялар социализм кезіндегі өркениетке сүйеніп, социализмнің үстіне шығып келген. Демократия Моңғолдың шекарасын ашқан жоқ. Әлем екі үлкен систем құлағанда ашылғаны болмаса демократия бұл жерде ешбір еңбек істеген жоқ.

Қараңғы сенімге берілу деген өзін өзі алып жүре алмайтын,дәрменсіз,қорқынышы бар адамның ғана істейтін ісі ғой. Біз не үшін Далай ламаға табынамыз? Барлығымыз 100жыл бұрыңғы сияқты ауруханамыз бен мектебімізді жауып шіркеуге лама болып отырайық па? Кім бізді осындай еткісі келіп отыр? Моңғол елін қорғайтын үкімет саясаты бар деп ойлайтынмын жоқ екен ғой.Моңғолдарымызды дамыту үшін, келешегіміз үшін жұмыстап жатқан үкіметіміз бар деп ойлап жүрсем жоқ екен ғой. Әлгі Негізгі Заң Ұйымы қайда қалды? Әлгі Ұлттық Қауіпсіз Жағдай Мекемесі қайда қалды? Әлгі Стратегия, Саясат ұйымдары қайда қалды? Далай лама келіп қайтқанда Моңғолдың үкіметіне өтемөте зиянды жағдай туады деген анализ, қорытынды қайда қалды? Бұлар дұрыс жұмыстап шыдаған болса біз бүгін Қытайдың алдында мұндай ұят жағдайға қалмайтын едік. Тәуелсіздік күні дейді. Айланып келгенде біз кімнен тәуелсізбіз?

-Ендеше не істеуіміз қажет?

-Ұлттық Қауіпсіз Жағдай Мекемесі жұмысын атқару қажет. Келесі осындай іс әрекеттерден қорғанып әрекет жасау қажет. Далай лама бізді Орыспен жамандастырғалы қайта келеді. Сондықтан жоқ дегенде келер он шақты жылда қайта келтірмеу қажет. Барлық елге мұны жариялау қажет. Далай ламаны Моңғолдың халқынан кешірім сұрату қажет. Далай лама қайтадан сендердің елдеріңе барып зиянымды тигізбеймін, кешіріңдер. Сендердің экономикалық ең үлкен көршілерің Қытай еліне мұндай мәлімдеме жасатқаныма қатты өкініп тұрмын деп айтқызу қажет.

Әйтпегенде осы үкімет дағдарысынан болып экономикалық дағдарыс тіпті тереңдейді. Экономика дағдарысқа ұшырау деген адамдар ашығады деген сөз. Адамдар ашыққанда не істеуден де тайынбайтын болады.Ең алдымен киіз үйдегілер ашыға бастайды. Зайсандағылар ашықпайды. Сонымен дәл 1990жылдағы жормен беретін карттың товарын енгізеді. Қандайбір мемлекетті қарамағына алу үшін әдейі тамақ мәселесін жалғанмен пайда болдырып,карттың товарына көшіреді. Бұл сезім тұрғысынан шокқа кіргізп, қорқытатын амал. 1990шы жылы бізді ашықтырып карттың товарына кіргізіп алып ұрлықшылар үкіметті алған болса енді шетелдіктер келіп үкіметті алып Украйн-2 қылады. Шетелдің колон жасағыштары келетін дайындық жұмысын Далай лама жасап кетті. Далай лама деген тыңшы енді бүкілдей мемлекетті Орыс, Қытайға қарсы қойып отыр. Дәл Украйнамен бірдей.

-Біздің үкімет басындағылар, парламент мүшелері қалай жұмыстап жатыр деп сіз ойлап жүрсіз?

-Саяси іс дегеніміз төрт жылда бір рет жасайтын сайлау сияқты ғана іс емес. Сайлау дегеніміз партиялардың істейтін кішкентай саясаты. Үлкен саясат ол мемлекетін алып жүретін, мемлекеттің Үкіметі деген сөз. Үлкен саясатқа Мрңғол адамды дайындайтын жүйе жоқ болып отыр. Кішкентай саясатқа ғана керемет болып тұр. Қалай сайлау жасап өзара жанжалдасып төбелескенге ғана жақсы. Ендеше партиясынан жоғары шығып келіп үлкен саясат жасап, үкіметі мен мемлекетін алып жүретін,халықаралық сатыға шығып жұмыстайтын шыдамдылық жоқ. Себебі дайындалмағандықтан солай. Үкіметке күшін салып жатыр деген адамдар саясаттың теориясының негізгі туындыларын да оқып көрмеген адамдар.

Саяси дағдарыс деп жүргендері бізде шыдамдылық жоқтыққа байланысты. Біздің Сыртқы істер министрінің жасап жатқан мәлімдемесін қарасаңдаршы. Дөп еткен жауап бере алмай тұрғанының арғы себебі бұларда ондай білім жоқтыққа байланысты. Бұлардың ішінде Платон, Аристотелдің саяси теориясының кітабын оқыған адам бар ма? Қытай жағының мәлімдемесін көрдің бе? Сол қалпымен Күнзнің ілімі, философия жүріліп жатты ғой. Сондықтан жауабын да өте жақсы дайындалған философияның жоғарғы деңгейінде беру қажет.

 

Әңгімелескен журналист Р.Улам-Оргих Zuv.mn 2016 шы жылы 11 айдың 26 сы


Molorerdene






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2022