Философияның жаңа мазмұндары

Jan 20, 2021


Философияның жаңа мазмұндары

 

Адамның ақылы туралы философия және оның қайта тірілуі

Адамның «ақылы» немесе «майндсы» туралы философияның шыңы кезеңін Рене Декарт, Иммануел Кант, Давид Хюме деген философтармен байланыстырып түсіндіреді. Солардың жазып қалдырған кітіптарын зерттеген қазіргі заманның зерттеушілерінің қорытындысындағы философтардың ілімдерінің қандай негіздері барын мақұлдайды. Сонымен қатар Фридрих Хегелдің «майнд феноменологиясы» кітабында да адамның ақылы туралы кең фронтпен байыпты әңгімелейді.

Бүгіндері философия саласында таңдаулы сұрақтармен қатар ақыл туралы сұрақ бірталай қарқынды, және де аз емес даумен әңгімеленіп, және де зерттеу жұмыстарының қорытындысын сөйлесе бастады. Ақыл философиясының ең маңызды саласы адамның «ақылы». Ақыл зерттеуі бүгіндері қарқынды дамып келе жатқанының себебі мидың сайенсінің табысы. Адам қалай «ақылды» болғаны, және де кейде қалайша «ақылсыз»  іспетті істер жасайтыны туралы философтар зерттеу жасап, ақырында философияның жеке салалары пайда болған.

Ол түгілі «ақылсыздық» туралы ілімдер жүре келе «психология» деген мамандық саласы болып өзгерген екен. Бұл өзгерістің әкесі Сигмунд Фройд. Фройдтың сұраған көптеген сұрақтарының бірі «Неге адам өзінің бақылауынан тыс әрекеттер жасайды?», «Адам өзі ойланбаған кезінде ақыл ойды талап етпейді, өзгеше айтқанда «ақылсыз» біраз көптеген істерді өзіндігімен істеп тастайтынын білгісі келген тілек сонысынан бүкіл өмірбойы жауабын сұраған. Соған жауап беру үшін ғана Фройд барлық өмірін арнаған екен.

 

Фройдтың психология зерттеуі

Фройдтың ақылсыздық туралы ілімін «жасырын сана» деп теріс аударған екен. Адам есінен танып жығылып ессіз болуы, және де содан кейін ес кіріп есті болуы секілділер шын мәнінде жасырын санаға еш қатысы жоқ. Сана ол философияның ерте замандағы саласы. Фройд адам өз ақылынсыз іс істеп қояды, ол түгіл адам қандайбір нәрседен қорқу, немесе жиренуі тек қана бір реткі емес, әдет болып қалғаны туралы зерттеген. Осының барлығын адам өзі де жөнді біліп өзін өзі ұстап шыдамай өмірдің нақты ситуацияларына ақылсыздықпен қозғалып ашыққа шығып белсенді өмірге бөгет жасап адамды қалай белсенсіз жағдайға кіргізетіні туралы зерттеген екен.

Қайда ақылсыздықтың алғашқы пайда болдырушысы бар, және де неге байланысты адамда сезім ақаулығы пайда болғанын алғаш рет қарқынды, бір сөзбен айтқанда адамның сезім көңіл күйін ақтарып ашатын «археология» жұмысын мамандық деңгейге дейін Фройд атқарған.

Адамдардың сезім ақаулары тіпті бала кезінен ақ басталғаны туралы Фройд алғаш тауып білген. Мысалы үшін ұл бала бала кезінде ұрыс естіп өссе сезіміне ақау пайда болып үлкейе келе жалығып немесе теріс іс істеудің бастауы болатын болса ал қыз бала кішкентай кезінде шабуылдаған еркек адамнан қатты қорыққандықтан әйел адам болу дамысына қалай кері әсер ететінін психлология саласы адамның ақылына жасырынып тұрған «жасырын», басылып қалған «басылған» ақылсыз деп атайды.

Фройдтың негізгі мақсаты басылып қалған, және де адамды үнемі қыспақта болғызатын ақылсыздыққа қалай қандай жолмен жақындау амалын іздеу еді және онысын «түстің шешімі» деген екен. Адамның түсі туралы естіп, түсінен адамның сезімінің ақаулығының ұясын тауып жөндеу түзету жасауы психоанализінің негізгі принципі және оны Фройд алғаш теория жүзінде ойлап өмірге енгізген екен. Адам дауласуға оңай, өзгеге терістік беруге тез, жүйке ауру болу, үнемі қайғылану сияқты жағдайлар бала кезінен басталады деп Фройд кітабында жазған екен. Жастайынан әке шешесі өте мөте білерменсіп үйретіп, немесе шешесі жеке өміріне араласып шек қою, немесе қатты еркелету деген сияқты барлығы да ақыры ер адам болып шыдамай, және де әйел адам болып жетілмей, денесі кәмелетке толса да ақыл ойы жетілмей, өзін өзі бастап алып жүре алмайтын болатынының қиындықтарымен білінеді екен.

Адам құмарлыққа берілу, немесе өлімге берілу деген сияқты көңіл күйлердің ар жағында сол бір дене мен сезімнің байланысы «нәрсеге берілу» ұясы болады. Тіпті бала кезінде ақ адам тілекті, фантазиялы, махаббаттық сезімді, қорқатын, агресив, көңілкүйден түседі. Тек осының барлығын ата анасы мен оқытушылар қаншалықты жастайынан қайшыластырып үйретіп, дұрыс түсіндіріп, өзіндігімен шешім шығарып үйретсе ғана дұрыс адам бола алады. Фройдтың шығарған бір қызықты теориясы ол «мен «емес», мен» және «ең жоғарғы мен». Мен емес ашуланады, қашатын рефлексті және инстинкті. Осылар ақылсыздыққа жатады, себебі адам өзі ақылына салмай әрекеттенеді, ал Мен деген болғанда рискні есептейді, қайталап ойлайды, моралдық принципті. Мен емес пен мен екеуінің арасында қорқыныш сезімі, мысалы үшін бір рет қана найзағайдан қорыққан болса дағы қорыққан қалпында, және де қолын жуып қоймайтын өзін өзі мәжбүрлеу, арақ ішіп араққа тәуелді болу деген сияқты. Жоғарғы мен ол нағыз интелигенциялы және шамамен мереген деген мағыналы.

 

Ми зерттеушілердің  жетістіктері

Қазіргі заманда әлемнің дамысты елдерінің ми зерттеушілері Фройдтың шығарған «ақылсыздық» туралы теориясын кепілдендіріп, оның адамның ақылсыздығының саласында орнатқан ерекше қабылетін мақтайды. Адамның ақылын зерттеп, соған сүйене отырып адамның есте сақтауы туралы нақты болмақшы болған зерттеушілердің еңбек жұмысы бүгінде де қарқынды жүріліп жатыр. Себебеі осы заманда білімнің аумағы кеңейіп, информацияның өндірісі ерекше тез дамып бара жатқан бұл заманда адамның еске сақтау  сыйымдылығы кеңіп ұмытшақтықты азайтудың мүмкіндіктері туралы көптеп назар аударатын болған. Адам ұмыту деген үйренгенін ұмыту деген ұғым және бұл адамның біліміне тікелей байланысты. Қажетті істерін ұмытқаннан болып басынан сыртқа шығарып тастау деген жеке адам үшін қаншалықты зиян шектіретінін зерттеушілер біліп, адам үшін саналы әрекеттерді қарқынды жүргізіп жатыр.

Адамның санасы ашық ал ақылы жасырын. Биология саласында ДНК туралы зерттеп жаңалық ашқан Нобель сыйлығының иегері Англияның биологы Францис Крик соңында ми саласында жұмыстап, адамның ақылын зерттеп бастаған және әлемнің зерттеушілері адамның ақылының жасырындығын ашыққа шығарып біліп алғысы келіп қаншалықты талпынып жатқанының кепілі. Криктің зерттеуінің бағыты адам «есінен тану» және «есін жинау» кезде сезім системалары қалай жұмыстап, адам өзін өзі сезініп бастады деу, анықтап айтсақ «мен сезіп тұрмын» дегенді не деп түсіну туралы зерттеу жасаған екен. Қазіргі заманның ми зерттеушілерінің негізгі ұстанып жүрген бағыты адамның ақылы деген жеке емес керісінше мидың неврондарына байланысты. Сондықтан материден бөліп зерттеу мүмкін емес деген бағыт.

Өзгеше айтқанда адамның ойы, елесі, естелігі, сезімі, көңілі, сезімталдығы  деген сияқтыларды қандай бір жағдаймен аспаптың көмегімен өлшеп мөлшерлеу мүмкіндігі бар деген болжам ми зерттеушілердің негізгі позициясы. Адам ақылды болу деген ми зерттеушілері үшін төмендегі төрт сипатты  болады. Оған сезім мүшелерінің сезімдері сезіліп адам айналасындағы процесстің мағынасын және де қарқынын сезіну, жағдайы мен әрекетін, ой, елес, еске түсіру, эмоция, талап ету, және де жоспарлау, тілеу, әрекетті бітіру. Осы жерде аталған барлық сипаттар мүмкін адамның миының қай бір жерінде зақым пайда болғанда жүрілу мүмкіндіксіз, өзгеше айтқанда жұмыстау мүмкіндіксіз болады дейді.

Қазіргі заманда ми зерттеушілер адамның ақылы тек қана біраз неврондардың әрекеттері деген түсініктеме жасаған. Сол неврондардың жасаған әрекеттерін адамдар сезім, когниция, көңіл немесе қозғалыс деп атаған екен. Ми ішінде ақыл болады деген тек қана макрофизика, биохими мен физиологтің механизмдарының әрекеттерінің салдары дейді. Сондықтан ақыл мен дене деген екі нәрсе жоқ деп бастады. Тек қана дене деген ғана бар, сол дененің әрекеттерін ақыл деп атаған екен деген қорытындыға ми зерттеушілер келген екен.

Өзгеше айтқанда адамдар ақылды немесе саналы дегені тек қана ми ішіндегі неврондардың жалт жұлт еткенін ғана айтып тұр. Ендеше адам миының не істейтіні ғана күтіп отырғаннан басқа өзі көп санасымен шешім шығармайды екен деген қарапайым қорытындыға жетуге болардай. Бірақ мұның барлығы бүгіндері еш анық емес болғандықтан зерттеушілердің назарын күннен күнге өзіне аударуда.

 

Ақыл философиясының зерттеу салалары

Философтардың түсіндіріп жатқандары бойынша эмпирияның салаларымен жұмыстайтын философия бағыттары алғашынан ақ бейбіт жағдайда болған жоқ. Натур философиясы жүре келе физика болған, рационал психология жүре келе эмпирия психологиясы болған.

Бүгіндері ақыл философиясы неврондық және когництік сайенсімен алмасып, адамның ақылы туралы жаңа ұғымдар шығып келуге өте аз қалды. Философияның көп жылдар бойғы сұрақтары, методты ойлардың амалдары және де ілімдердің реттігі, бір сөзбен айтқанда анықтамасы  сияқтылар айланып келгенде жаңа сала пайда болып, ақыл сайенсі болып ақыл туралы жаңа теориялар жасауға көмегін тигізуге келешегі бар. Бірақ күндердің күнінде философияның міндеті сүйте сүйте бітетін көрінеді.

Әрине сол бітетін уақытты шамамен 100 дей жыл болар ма екен деген болжам бар. Себебеі миды толықтай зерттеп ақыл деген жоқ, және сана деген жоқ деген кепілдікке дейін қаншама көп зерттеу жұмыстары күтіп тұр. Бұл жұмысты Галилей қалай ғарыш туралы болжам шығарып, одан кейін қанша уақыттан кейін физика бүгінгі қаншама жоғарғы дамыстың деңгейіне жеткенімен мамандар салыстырып отыр. Натурдың барлық нәрселері тек қана бірдей атом молекулалардың жинақтарынан тұратынын физиктер анықтап шыдаған. Ендеше миды да зерттеп тек бірнеше ғана қарапайым механизммен тілек, сезім, елес жұмыстайды, оларды ажырытатындай ерекше нәрсе жоқ деген қорытындыға ми зерттеушілер жетпекші болуының себебі бар.

Өзгеше айтқанда адамның ақылы, сана сезімі барлығы да мидың әрекеттері және өте қарапайым ештеңе жасырын емес таң қалатын нәрсе жоқ оңай деген ұғымға ғана жету. Бірден келер 100 жылда жоғарыдағы зерттеу жұмысының нәтижесі шықпайтындықтан философтардың істейтін жұмысы аз емес көп екен. Қазіргі философтардың бір сұрағы ол адам қалай «ақылды сезініп», және «ақылсыздықпен сезініп» тұрған екеуінің айырмашылығын анықтау. Қазіргі жағдаймен философия мамандығының үш жоғарғы саласында адамның ақылы туралы зерттеу жүріліп жатыр. Біріншіде сипаттамаларының дуализмі, екіншіде интеракционның дуализмі, идентитеттің теориясы.

Сипаттаманың дуализм деген ұғым ментал процесстер міндетті түрде неврондар кіріспей ақ өзіндігімен жүріледі екен.

Мысалы үшін адам ауырады, немесе ауырып тұрмын деп тұрған неврондар ауруды жасап тұрғаны емес, керісінше адамның ауырып тұрғаны туралы айту бұлшықет сіңірінің жұмысы, және де адам ауру туралы ұмытпағаны туралы деген сияқты процесстер екен. Интеракциондық дуализм кезінде менталдық және неврондық процесстер өзара байланыспен жұмыстайды. Мысалы үшін адамның шешімі әрекеттерінің себебі, және де сезімдері сезімін қалай түсіндіріп тұрған себептері. Өзгеше айтқанда адам қолын көтергені адамның өзінің ойланып алып тілегі екені болмаса ми зерттеушілерінің айтуы бойынша қолын көтергеннен бұрын бәрібір неврондарын дереу істетіп қолын адамның өзінің тілегінен бұрын көтерту деген теорияның қайшылығы.

Идентитеттің теориясы адамның ақыл ойының әрекеті мен  адамның нервінің белсенділігі екеуін дәл бірдей  немесе идентиттеп түсіндіруге бола ма деген сұрақ. Бір сөзбен айтқанда екі процесс дәл бірдей жүріле ме дегенді анықтау. Мысалы үшін адам он жылдық мектепте бірге оқып жүрген досымен кезікпей жүріп 20 жылдан кезігеміз десе сол екен деп таниды үйткені түрі бірдей болғандықтан. Ақылға келсек адам ауырған ауруын, өзінің ойын және де өзінің тілегін өзі ғана тура түсінеді.

Сонымен бірдей адамның миының неврондары сол әрекеттерді қалай кепілдендіреді деген сұрақ туындаған. Ақылдың философиясының бір маңызды саласы ол адамның ақылының құрылымы мен әрекеті. Адамның ақылында қорқып, өңдерді ажырату, ауру деген сияқтылар қалай пайда болады деген сұрақтар. Неге дегенде мидың ішінде ғана осының барлығы жүрілетіндіктен қандай  процесс және де мидың қай жерінде және не басқарып қорқытып отыр деген сұрақ. Қорқып тұрғанның бастамасы болатын сол нүктені ғана мидың ішінен тауып жөндей салса адам қорқып тұрмын деген жалған нәрсені жоя алады деген ұғымды бүгіндері қарқынды әңгімелесетін болды. Айланып келгенде философияның таңдаулы сұрақтары алғашынан ақ біріншіде ақыл деген бар ма, бір сөзбен айтқанда ақыл деген өзі шынайы ма екіншіде адам дегеніміз тәуелсізденген субъект ғой деген статус, және де үшіншіде адам өзі еркіндікпен тіледі ғой деген сұрақтар болған және бүгін де бар қалпында.

Адам субъект ғой деген сұраққа жауап беру үшін нео-Платолар ертеден ақ сөйлескен және адам еркіндікпен тілеп тұрған тілегі туралы тіпті Аристотел айтып жүрген екен. Ендеше адам ақылды, бір сөзбен айтқанда ақыл деген шынайы нәрсе ғой деген сұрақ осы заманда ми зерттеуінен болып мәселенің ортасына қойылған. Ақыл туралы сұраққа жауап беру мүмкіндігін бүгін ми зерттеушілері жағынан беретін зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отыр. Ендеше адам субъект деген, және еркіндікпен тілегені туралы эмпирияның зерттеулері жасалмағандықтан арықарай тек қана философияның сұрағы қалпында қалады.

Жалпылай философия сұрақтарына жауап беріліп біткен кезде арықарай білімнің өзіндік жеке тұлғалы сайенстің саласы болып дамып, кепілді білімдерді өндіреді. Ендеше жауап беріліп шыдамаған сұрақтар арықарай жауабын күтумен философия саласында қалып қалады. 2500 жыл бұрын ақ бастап қалып қалған сұрақ басы сайын жауап беру үшін философия мамандық саласы қажымай жұмыстаған қалпында.

Molorerdene

 

 

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2022