Моңғол адам мен заман

Jan 20, 2021


Моңғол адам мен заман

Моңғол адам неліктен бүгін заманын сезінбей адасып жүр? Моңғол адам неліктен заманын жаңарта алмай ескі заманын қалап жүр?

Цайтгайст деген ұғымды өзге тілдерге аудармай тура қолданады. Оның арғы мағынасы сол кездегі заманның ақыл ой жағдайы деген сөз. Ендеше бүгін моңғол адамның ақыл ой жағдайы қалай?

Моңғол адамның ақыл ой жағдайына әсер ететін ең үлкен үш сала төменгі деңгейге дейін төмендепті. Біріншіден ең білімсіз адамдар саясаткерлер болған екен. Екіншіден ең мәдениетсіз адамдар өнердегілер болған екен. Үшіншіден ең адамгершіліксіз адамдар лама пасторлар болған екен.

Білімсіз саясаткерлер арықарай мемлекетті алып жүруге жеткілікті әсер ететін қабылетсіз. Ескі саясат кадрлері Орыс елінде оқыған дипломды,бір екі жыл Америкада болған деген аңыздан аспайды. Жас саясаткерлер ішкі өнімдер болғандықтан түссіз және сауаттылықтың білімі де жоқ. Білімсіз саясаттың былықпасы жалғасып төрелер феодал сипаты болып кеткендіктен бай мен кедейдің шегі көбейіп жеке меншіктендірудің мақсаты орындалған сияқты.

Мәдениетсіз өнердегілер табиғи сипатынан айырылып мәдениетті сипатқа ене алмай жануарлық сипатқа ұсталуда. Жануарда ойлайтын ой жоқ табиғи сезімдерімен ақ күн өткізеді. Мәдениетті адам болып шыдаса ми жұмыстап ойлау қабылеті дамиды. Ойламайтын ақыл табиғи сипатында болатындықтан үңгірдің өмірі жалғасып үңгірден шығып жарық көріп білімдену мүмкіндік кемиді. Драма театрында драма ойналмай баланың театры бала тәрбиелейтін мүмкіндіксіз болған екен.

Адамгершіліксіз ламалар алға шығып соңында жаңадан пайда болған пасторлар бірігіп адамды басып мазақ етіп, құрдан құр табындырып, келешексіз қараңғы сенімге итермелейді. Дін ешкімге, ешқашан көмек болмаған тек қана түсініктеме жасап адастырып жүрген. Адамның тағдыры бақсылық дегендер діннің тапсырмасы емес. Дін адамды тууы мен өліміне ғана түсініктеме жасау міндетпен орнаған. Әйтпесе емдеп жазып демеу діннің міндеті емес. Майдар құдай ештеңені  шыдамайды, және ештеңе жасай алмайды. Майдар құдай жалғыз кітап та жазып қалдырмаған халықты ағартып шыдамаған.

Моңғол адам және оның кезеңі бүгін міне осындай жағдайда. Білімсіз саясат тіпті кеңейіп тіптен білімсіздердің қатары кеңейе түсуде. Мәдениетсіз өнерпаздар адамзаттың сезімінің ағартушысы болып шыдамай төменгі ақылына байланып жақсылықты үгіттеп шыдамай жаманшылықты ғана жарнамалауда. Өтірік болса дұрыс арам болса нағыз өнер болған екен. Адамгершіліксіз ламалар адамның сезімін дамытып жақсы нәрсені көріп жақсы нәрсені сезінетін сол сезімін жойып тек қана қорқынышымен ойнап қараңғы сенімнің құрбаны болған әке шешелерден тартып ата апалар жастардың өсіп дамуына бөгет жасауда. Оқып еңбектеніп білімді бол деп жастарға үйретудің орнына ламаға ертіп барып бала шағасын қараңғы сенімге ұстап беретін жаңа өмірдің әдеті болғызған іспетті.

Кәрі жастар біріккен білімсіз саясаткерлер Ұланбатыр қаласын соңғы 20ға да жетпейтін жыл ішінде түтінді қылған. Түтінді Ұланбатырдың түтінді азаматтары түтінмен демалып түтінді иіскеп түтін сасып жүретін бола тұра партияларға басылған қалпында. Түтін сасыған адамның ақыл ойы қалай сергек болсын. Саясаткерлердің жылдан жылға жоғалтқысы келмейтін түтіннің мақсаты орындалып Моңғол адамды түтін адам болғызған екен. Шетелдерге ұшудан бұрын аеропортта түтіннен арылғысы келген тілегі орындалмай түтінін сасытып шетелдің аеропортына түсіп қандай елдің адамы екенін түтінімен ақ танытады.

Кеуде толы сыйлық үкіметтік мадақтаудан бастап Моңғолдың Мемлекеттік Еңбегін сіңірген қайраткер артиске дейін  өздерін әшекейлеген кәрі жас өнерпаздар мәдениетті неге иемденіп шыдамаған? Неліктен Ұланбатырдың көшесіне тола қақырық түкірік шашылған? Бұл қандай мәдениет? Жиналыс жиын немесе концерт жиын қайда барсаң да біраз уақыттан кейін адамдардың тері шығып жағымсыз иіс қоңыс тарап жататынын қандай мәдениет дейміз? Қай қайда да қоқыс айқыш ойқыш. Бұл әлгі эстетиканың теориясына қайшы емес пе еді. Өнердегілер эстетика жайлы неге теріс ұғымда? Эстетика сабағы үйретіледі деп алып ең көп эстетикасыз адамдар өнердегілер екен ғой. Қоғамға неге эстетика әкелмеді?

Адамгершіліксіз ламадардың тарихын айтсақ дардай ұзақ тарих айтамыз ғой. Шіркеулерден балаларын алыстатып мектеп кабинетіне кіргізген. Моңғол адамның аянышты тарихы тек 70-80 жылға да жетпейтін жыл бұрын ғана ғой. Есеп, физика, химия, биологиядан тартып астрономия, агрономия деген сияқты көптеген мамандықтарды ламалар қалып қалған кезеңдерімен теріс түсіндіруде. Философиядан тартып социология, антрпология деп адамзаттың қандай ғажайып мамандықтары Моңғол адамдарға қажет болып тұр. Мұның барлығын тағы да ламалар білерменсіп Жоғарғы оқу орындарының профессор атты қараңғы сенімдегілермен бірігіп инь әдісі деп төмендетуде. Хуманизм, классика, модерн, авангард деген сияқты қоғамның маңызды білім мамандықтардың бағасын жоюда.

Діннің кітабы бойынша ең той мерекені жақтырмайтын адам лама болуға тиіс. Діннің кітабы бойынша ең аштықа шыдайтын ораза ұстайтын адамдар лама болуға тиіс. Діннің кітібы бойынша ең құнықпайтын береген адам лама болуға тиіс. Діннің кітабы бойынша ең тазалықты ардақтайтын адам да лама болуға тиіс. Діннің кітабы бойынша ең тәртіпті адамдар ламалар болуға тиіс. Лама адамды қарағанда ақ адам құмарлығын ұстап үйрену мазмұнды. Бірақ Моңғол ламалар адамгершіліктің мазмұнын жоғалтып қоғамда діннің ат атағын жойған. Әсіресе Ганданның маңайындағы қоқыстар үйіліп ешқандай тазалық жоқ. Ақшамен ғана даяшылық жасайтын көңілмен емес ламалар Будданың дінін ағартуды емес қараңғылықтың мекені болғызған.

Моңғол адам және оның кезеңі жаңа бастаманың алдына келгендей. Заманын сезініп 21 ші ғасырдың Моңғол адамы болғысы келсе ескі, қалып қалған, ерте заманның, ата бабадан арылып босатылып алға ғана қарайтын сол мүмкіндікті пайда болдыратын уақыт жеткен екен. Білімсіз саясаттың былықпасы, мәдениетсіз өнерпаздардың адасуы және де адамгершіліксіз ламалардың қылмыстық әрекеттері Моңғол адамның заманын ұрлаған екен. Ұрланған заманды анықтайтын қоғам жетіспеуде.

Моңғол адам заманын пайда болдыруда екі нәрсе ең алдымен қажет. Біріншіде қапалану, екіншіде талпыныс. Барлығы жеткілікті қапаланғанда ғана алға қарай жүреді. Барлығы талпыныста болғанда ғана қоғамды аяғына тұрғызатын мүмкіндік туады. Болып жатыр немесе жасап жатыр десе ештеңе алға баспайды. Сөгіс адамды көңілді етеді. Сөкпесе кері кетеді.

2014.11.17

 

Molorerdene






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021