БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ, БАРЛЫҚ ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ МАХАББАТҚА БАЙЛАНЫСТЫ

Jan 25, 2021


БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ, БАРЛЫҚ ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ МАХАББАТҚА БАЙЛАНЫСТЫ

Философия ғылымының докторы С.Молор-Эрдэнэмен әңгімелестім. Моңғолда философияны герман, ағылшын тілінде қатар зерттеген зерттеуші өте сирек. Ендеше қандайбір нәрсені өзгелерден басқаша көзбен қарайтын адам сияқты сезіледі.Онымен неше сағат бойы әңгімелессең де жалықпайсың.

Адамға неліктен міндетті түрде адамгершілік деген нәрсе қажет болады?

Адамгершілік немесе халықаралық тілмен айтқанда морал деген жақсы мен жаманды ажырататын қабылет. Қандайбір нәрсені жақсы істеу, нәтижесі жақсы болу. Алғаш ойлаған ой, тілек талабы жақсы болу. Ол кімге жақсы болады дегенде барлығына жақсы болмақ. Тіпті анықтап айтсам қоғамға, жеке адамға, отбасына жақсы болуға тиіс қой. Адамгершіліктің арғы жағында қайтадан этикет деген ұғым бар. Халықаралық тілмен айтсақ этика ғой. Этика деген тек қана жеке адамдардың қатынасына емес қоғамға даяшылық жасап жүрген компания, үкіметтік ұйым, өнер мәдениет ұйымдары барлығы этикалы болуды айтып отырмын. Соның ішінде мамандық ұйымдары, мысалы үшін денсаулық ұйымдары, немесе білім ұйымдарының істеп жатқан істерінің нәтижесі халыққа жақсы болу. Мысалы үшін саясаттық партия болды дегенде оның істеп жатқан жұмысы халыққа жақсы нәтижелі болуға тиіс деген сөз. Тек осы ғана ғой. Морал болғанда жеке адамдар арасынан бір біріне жақсы болу. Этика болғанда қоғамдағы ұйымдар арасынан өзара бір біріне жақсы болуды айтып отырмын.

Адам жануардан морал, этика, және де ақыл ойымен айырмашылықта болады. Ендеше жануарда да этика жоқ па. Мысалы үшін ит өзін асыраған адамына өле өлгенше шыншыл болып, соңына дейін қорғайды ғой?

Ит өзі онысын этика деп білмейді. Мен этикалы жұмыс істеп жатырмын деп жануар өзі түсінбейді ғой. Жануардың өзінің табиғаттан берілген ерекшелігі бір бірін немесе әлдебіреуді қорғау, ұрпағын қалдыру. Итті мысалы үшін үйретіп, үйір қылдырып барып қана солай болып отыр ғой. Өйтпейтін болса ит танымайтын адамды қауып тастайды. Ал адам танитын болса да тынымайтын болса да бір бірімен жақсы қатынасуға тиіс.

Далай лама «Адамзат адамгершілікті болған уақытта ғана әлем тыныш болады» деген екен. Бірақ шынайы өмірде адамдар қай жерде болса сол жерде соғыс қырғын, жағымсыз жағдайлар бола беретін сияқты ғой?

Далай лама қате айтқан екен. Негізінде адам діншіл, құдайшыл болса бұл барлық жамандық жоғалады деп айтуға тиіс болған шығар. Далай ламаның өзі діннің адамы. Дін кей кездерде адамгершіліксіз ғой. Шіркеулер адамнан ақша алып жатыр. Шын мәнінде адамнан ақша алмай ақ саған көмектесейін, кітап оқып берейін деген ұйым болуға тиіс емес пе. Ал соғысқа келсек адамгершіліксізден соғысып жатыр ма деген сұрақ шығып келеді. Негізінде адамгершілік үшін соғыс жасап жатыр. Жалпы дін деген нәрсе алғаш қалай пайда болды дегенде өзінің халқы мен мемлекеті үшін жақсы іс жасау үшін адамзат соғыса бастаған ғой. Өзіне жақсыны жасау үшін өзгеге жаман іс істеп жатыр деген сөз ғой. Отанын қорғау үшін әскерге кеткен адам жауды атып өлтіретіні хақ. Біз отанын сақтап қалу үшін адам өлтіріп жатқан адамды адамгершіліксіз деп айтуға болмайды. Бүгін де барлық мемлекеттер өздері үшін соғыс жасап жатыр. Бірақ барлық елдің бейбітшілігі, тыныштығы үшін жұмыстау қажет. БҰҰ жұмыс істеп шыдамай жатқанын айтқан жөн. Халықаралық адам үшінгі ұйымдар бізді адамгершілікті бол, адамның құқығын аяғыңа таптама, бір біріңді құрметте деп үнемі ескертіп отыр ғой. Бастысы өте саясаттанған, өте ақшаның соңынан құныққан компаниялар, қару жарақ қуған топтар соғысты ушықтырып жатқан жағдайлар жоқ қой.

Ендеше діннен болып жасап жатқан қазіргі заманның бұл соғысы адамгершілікті соғыс па?

Діннің соғысы деген өте бөлек қой. Дін деген бөлекше ұйым. Дін деген қоғамның ұйымы, денсаулық ұйымы емес. Дін өзі өзінің сенімі үшін жұмыстайтын ұйым. Өзі өзінің айтқанын ғана дұрыс дейді. Өзі өзі ұшін ғана жұмыстайды. Ол жерде адамгершілік сол ұйым ішінде ғана қолданылады. Қоғамда діннің адамгершілігі маңызды емес қой. Христиан дінінің мүшесі христиан дініндегілермен ғана адамгершілікті болғаны болмаса өзге діндердікімен ол адам тарыспайды. Буддистлер буддистермен достасып жолдас болады. Өз дінін табысты, ақшалы, шыдамды ету үшін өзге дін бөгет болғандықтан сонымен жекпе жекке шығып жүргендегісі ғой. Дін деген қоғам ішінде бірден бір аяғына тұрған ұйым. Негізінде халықты адамгершілікті ету үшін дін өз үлесін қосса жақсы болар еді. Бірақ біздің моңғолда алдында болған, жаңадан кіріп келген діннің ағымдары біздің халықты адамгершілікті болғызғаны былай тұрсын өзінің мақсатына жету үшін пайдаланады, ақшамен қыспаққа алатын осындай оғаш, жабайы, адамгершіліксіз ұйымдар болып алған. Соңында Мун де шығып келді ғой. Мун деген дін де емес екен. Тағы да сол ақша тауып, қаржы тұрғысында моңғолдарды алдамақшы болған сондай бір ұйым екен.

 Баланы адамгершілікті адам болғызу үшін тәрбиенің қандай амалдарын керектену қажет деп ойлайсыз?

Барлық тәрбие, өмірдің барлық негізі махаббатқа тоқталуға тиісті. Адам адамды сүю, баласын сүю, баласының алдында махаббаттың не екенін көрсету, бала арықарай танитын адамынан тыс танымайтын адамды да жақсы көріп шыдайтын адамгершілікті болып тәрбиелену. Бастысы бұл өте маңызды. Әрине, адамды сүю деген адым бас сайын адамға махаббат жариялап «сүйемін, сүйемін» деп жүре беру емес қой. Сезімінің ішінде жақсы көру. Бұл адам қиналып шаршамаса екен. Адамға көмек қажет болса демеп, өміріне көмек болуды айтып отырмын. Осыны ғана балаға үйрету қажет. Көмекшіл, береген етіп тәрбиелеу қажет. Бірақ әрине барлық нәрсесін адамдарға беріп таратып жібер деп отырғам жоқ, мүмкіндік болса мүмкіндігінше адамға көмектесіп адамдарды жақсы көріп, құрметтеп жүр деген сөз. Әйтпесе бұл әлемге махаббат жариялау деген сөз емес. Әлем, өмір, қоғам, мемлекеті өзі сүйе білу қажет. Жақсы көру деген әрекет қой. Әрекет арқылы махаббат көрінуге тиіс болғаны болмаса бұл махаббат екен деп ешкім тауып білмейді. Сондықтан махаббатты әрекетпен көрсету қажет. Әрекет өзі махаббаттың айнасы болуға тиіс. Адамгершілік осыдан басталады. Осыдан адамды құрметтеу басталады. Ең бер жағы амандасудан басталады. Амансыз ба, сау болыңыздан. Және де үлкенді құрметтеуден. Себепсізден адамды ылғамай. Кейбір адамдар өз отбасының адамдарын ғана жақсы көретін өзгелерді жақсы көрмейтін болып тәрбиеленіп жатыр. Тек қана өз баласын жақсы көретін өзгелердің баласын жақсы көрмейтін әкені әке деп айту қиын. Тек қана өз қызын жақсы көретін ананы қандай ана дейміз. Біздің моңғолдың осы бір мекенімен жекеленіп, сенің мекенің менің мекенім деуі өте теріс. Мұндай жағдайда моңғолдармен адамгершілік жайлы сөйлесу өте қиын. Жалпы моңғолдың қоғамы тіпті алғашынан ақ негізінен бастап ақ адамгершілікті бағалап, адамдарға таратып кеңейтіп, дәстүр әдет қылып шыдамағандықтан біз бүгін адамгершілік деген сөзді ғана айтып отырғанымыз болмаса әрекет қылып шыдамадық. Екеуміз терезенің арғы жағындағы жол бөгелісіне қарайықшы. Онда жаяу адамның шығатын жерін ақ сызық тартып көрсетіп қойған екен. Бірақ ол ақ сызықпен машиналы адамдар соғып кете жаздап өтетіні нақты жағдай ғой. Ең бер жағы көшенің өмірінен моңғол адамнаң адамгершілігі қаншалықты тұрпайы, төмен екенін көруге болады. Моңғол адамға адамгершілік жайлы айту расымен қиын ғой.

Сіздің әңгімеңізден махаббатқа бөленіп өскен бала адамгершілікті болады екен деп түсіндім. Керісінше махаббатты білмей өскен бала адамгершіліксіз адам болып тәрбиеленеді екен деп түсінуге бола ма?

Махаббатсыз өскен бала қиынында қиын ғой. Бірақ жақсы адам кездесуге болады ғой. Дұрыс мұғалім, жөнді дос кезігіп қалса бала кезінің сезімінің кемшілігін толтырып жөндеп беруге болады. Бастысы жақсы адамға ғана кезігу қажет. Егер бақытты сәт кездессе ғана. Олай болмаса қиын.

Социализм кезінде тәртіп деп көп айтатын еді. Тәртіпті болу деген адамгершілікті көрсете ме?

Иә адамгершіліктің бір түрі екені рас. Адамгершілік өзі ішінен көп түрлі болады. Сен жаңа социализм дедің. Мен социализм кезінде 48ші мектепте оқып жүргенде мектептен ұйымдастырған «Білім теңізі» сайысында жеңіп, газетке шыққан едім. Білімі не болды дегенде үнемшіл, тәртіпті, ереже, амандасу құрметтеу дәстүрі, тазалық деген бес түрлі адамгершілік болды. Қызықты шығар. Басқа балалар шахмат сайысында немесе биология олимпиадасында жеңіп газетте шығатын болса мен адамгершілік жарысында жеңіп, газетке шықтым деген сөз. Тәртіптілік деген бір жағынан өзінің көңіл толқынысын басып үйрену. Ызақор болса ызасын басып үйрену, бөспе болса бөспелігін басып үйрену, және де бір бірін құрметтеу. Мен бала кезімнен адамды қатты құрметтейтін бала болғам. Тәртіпті, таза, эстетикалы, үнемшіл болу. Үнемшіл дегенде керексіз заттарға ақша шашпауды айтады. Бүгіндері керексіз заттарға ақша көп шашатын, үйі толы қажетсіз қоқтарды жинап қойған үйлер көп қой. Жалпы моңғолдар өте ысырапшыл болып алған.

Жастайынан ешқандай адамгершіліксіз қалыптасып қалған адамды үлкейгенде өзгертуге бола ма?

Негізінде болуға тиісті. Он жылдық мектеп, жоғарғы мектептің мақсаты солай болуға тиіс. Адамгершіліксіз баланы адамгершілікті етіп тәрбиелеп шыдамайтын болса мектеп, білім ұйымдары болудың қажеті не. Тек қана химия, физиканың олимпиадасында бала жеңу үшін мектеп болуға тиіс пе. Кімге қажетті оқу орны  болып отыр сонда, бұл мектеп деген. Адамгершіліксіз кіріп келді дегенде адамгершілікті болып бітіріп шыдамаса жоғарғы мектепте оқудың қажеті  бар ма. Мектеп деген адамды адам етіп, білім беруге арналған орын емес пе. Өкініштісі біздің мектептер адамды мәдениетті етіп шыдамай тұр. Ондай сабақтың программасы да жоқ. Қай жерде, қай мектепте толық мезгілде адамгершіліктің сабағы кіреді. Жарайды. Соңғы кездерде бір екі мектептен маған адамгершіліктің сабағын үйретіп беріңізші деген пікір келген. Мен тілектері бойынша адамгершіліктің лекциясын оқып жүрмін. Президенттен бастап Нарантуул сауда орталығында сауда жасап жүрген адамдарға дейін біздің қоғам толығымен адамгершілікті болу қажет. Өйтпейтін болса ұзаққа бармайды.

Бір зерттеуші Моңғолдың қоғамын хип хоп қоғам деп екі ақ сөзбен түсіндірген екен. Сізге бүгінгі заманның Моңғолын екі сөзбен түсіндіріңіз десе ?

Бас аяғы ауысып кеткен, өзге ештеңе жоқ.

 

2016 ЖЫЛЫ 04 ШІ АЙДЫҢ 21 І КҮНІ

Molorerdene

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021