МОҢҒОЛДАРДА МАХАББАТ ЖАЙЛЫ ЕШҚАНДАЙ ТҮСІНІК ЖОҚ

Jan 25, 2021


МОҢҒОЛДАРДА МАХАББАТ ЖАЙЛЫ ЕШҚАНДАЙ ТҮСІНІК ЖОҚ

Өмір тек қана махаббатқа емес адамгершілік, санаға тоқталады

- "Шындық туралы сөйлесейік"

«Шыңғыс ханның кезінде Үкімет, заң,қала да болмады. Моңғол деген жабайы, тұрпайы, тонаушылық сипатты айтады деп түсіндіріліп келіпті. Б.Ринчен, Ц.Дамдинсүрэндер Моңғол тілінің дамысына социализм кезінде де, бүгін де өте көп бөгет болған қалпында. Р.Чоном еш қажетсіз, оңбаған адам. Ешқандай мағынасыз өлеңдері миды айналдырады. Кристал сыйлығын иемденгендер сияқты ақыл ой санасы төмен. «Моңғол елін секстің 3ші кезеңі құтқарады. Қытай адамдар көмекшіл ғой. Қытайлар бүгін де Ұланбатырдың әйнек құрылыстарын салуда» деген сияқты ақпарат құралдарымен көзқарасын еркін айтатын философия ғылымының докторы С.Молор Эрдэнэмен махаббат тақырыбымен әңгімелесуге тырыстым.

МОҢҒОЛДАРДА МАХАББАТ ТУРАЛЫ ЕШҚАНДАЙ ҰҒЫМ ЖОҚ

-Махаббат туралы барлық адам, барлық сала бөлек бөлек түрлі айтады. Философтардан махаббат деген не деп сұраса қандай жауап келер екен?

- Дінде құдай махаббатын айтатыны болмаса адамның махаббатын ауыздарына да алмайды. Ендеше философия адамның махаббаты туралы ерекшелеп әңгімелейді. Ананың, әкенің немесе жұптардың махаббаты деп ажыратып айтады. Ғылым махаббатты адамның миында қандай қандай гармония пайда болатынын немесе психология мәселесіне қалай кіретіні жағынан түсіндіреді. Ал ендеше біздің салада жұптардың махаббаты туралы 15,16шы ғасырлардан бастап айтады ғой. Себебі сол кезден ақ адамзат махаббатымен еркін үйленетін болғандығы арқылы жұптардың махаббаты деген ұғым шығып келген. Сүйетін адамымен бірге өмір сүру мүмкіндікте болды деген сөз ғой. Бірге өмір сүрмейтін болса сүюдің қажеті не. Бір біріне нақты адал сол махаббат туралы біз әңгімелесеміз деп түсініп отырмын. Әйтпесе бір кештің ғана немесе бір сәткі ғана құмарлықтың кездесуінің махаббаты махаббат емес. Дәл романда шығатындай сен тек мендіксің ғой. Мен тек сендікпін. Үшінші адам жоқ қой деген ұғымды махаббат дейді.

- Романда жазылған сияқты сондай адал махаббатты біз мынандай қоғамда бар болғызуымыз мүмкін бе?

- Бұл махаббат жайлы сол адамның білім қабылетіне байланысты. Махаббатты не деп түсінеді, оны жастайынан тәрбие арқылы біліп алды ма немесе кітаптан білді ме дегені жеке адамның мәселесі. Махаббат теориясы ешқайда жоқ. Толықтай көңіл толқынысына байланысты іс. Көңіл толқынысы үнемі пайда бола бермейді. Таңертеңнен кешке дейін адам сүйіп қана отыра бермейді. Дәл осы жайлы Моңғолдар көп жүздеген кітаптар жазып сұхбат жасап анық етпегендіктен бүгінге дейін махаббат жайлы бізде ешқандай ұғым жоқ.

Моңғолда махаббат жайлы бір де бір кітап жазылған жоқ. «Сүю өнері» деген менің аударған кітабым ғана махаббатты түсіндірген алғашқы кітап шығар. Бұл кітапта махаббатты төрт салада түсіндіреді. Дін, философия, психология, социология жағынан түсіндіреді. Осылай жан жақты түсіндіру арқылы махаббат жайлы түсінікті шығарып келмесе көзге көрінетін жай бір нәрсе емес қой. Махаббат деген өмірдің мысалдарымен ғана адамға көрінеді. Ең алғашқы мысалы ол Ромео Джульета. Болса бірге өмір сүрейік болмаса өлейік дейді. Анам әкем барлығы қарсы болып біз екеумізді үйлендірмей жатыр. Ендеше екеуміз өле салайық дейді ғой. Осы ғана махаббат жайлы ең алғашқы таңдаулы мысал.

- Арықарай махаббат не болды?

- Сонымен арықарай Орыстың Толстойының «Анна Каренинасы» мен Францияның Флаубертінің махаббаты туралы кітабымен елестетіп жүрген махаббат дағдарысқа ұшырай бастағанын көрсетеді. Неге дегенде сүйген екеу көңіл толқынысына сүйеніп семья болып алып өмір басталған соң махаббаттары сөніп қалады.

 ЖАЗУШЫЛАР ҚҰМАРЛЫҚТЫҢ ШАТАСҚАН БІР НӘРСЕЛЕРІН ЖАЗАДЫ

-Ромео Джульета сияқты адал махаббат неге сөніп қалған?

- Сол енді, өте көп күтетін, аңқау, махаббат жайлы теріс түсінікті, күнібойы махаббатпен болатындай түсініп жүргенде олай болып шыдамаған. Адамда ыза болатын кездер болады. Бірге өмір сүре келе айлық жалақыдан бастап сәтті,сәтсіз бітетін бітпейтін кезеңдер басталады. Өмір деген сурет сияқты әдемі нәрсе емес қой. Жаман кезінде өмірдей жаман нәрсе жоқ қой. Себебі өмір ақшамен тікелей байланысты. Ақшаны адал еңбегімен табу қиын. Қайткен күнде де тонаушылық ұрлық жасау арқылы көп ақша табады. Көп ақшалы болмаса қымбат бағалы бренднің товарларын алып шыдамайды. Енді бір жағында өзгелер бренднің товарларын алып жатады,ендеше сен әйеліңе алып бере алмайсың. Осылайша өмір дүние мүлікке байланысты бола бастайды.

-Өмір мен махаббатты дүние мүлікпен өлшегіміз келмейді ғой. Өйту үшін махаббатқа сезім толқынысынан басқа нені арнауға болады?

- Сезім толқынысымен бірге адамгершілік, тәрбие болу қажет. Бір жағында сезім толқынысы болады. Енді бір жағында махаббат деген нәрсе жауапкершілік. Өмір махаббаттан ғана емес адамгершілік,сана,тәрбиеден тұрады. Ендеше адамгершілік пен махаббат екеуін бірлестіруден басқа амал жоқ. Сезім толқынысын басып, ұстап, дамытып, артқа қарай шегіндіріп үйрену қажет. Бірден сүйетін болса махаббат сөнбейді ғой. Бастысы махаббат кей кездерде ренжиді,көңілсізденеді. Алғашында махаббат эстетикамен жүріп отбасын құрғаннан кейін этика болады.

"Өмір махаббаттан ғана емес адамгершілік, сана, тәрбиеден тұрады." С.Молор-Эрдэнэ

- Ендеше енді Моңғол жастарының махаббаты тек қана сезім толқынысының жетегінде жүр ме? Махаббат туралы дәстүр болып келген бағалы ұғым, көзқарас жоқ деген сөз бе?

Бізде қиын қиын. Моңғолда Қытайдың Күнзсі, Орыстың Толстойы, Германның Гётесі, Англияның Шекспирі сияқты немесе Францияның Флаубертінікі сияқты махаббатты түсіндірген роман,теория жазған саналы адам жоқ. Сондықтан біз махаббат жайлы айтуымыз өте қиын. Философ жоқ, әдебиет кітаптары,роман жазатын адам да жоқ.

Моңғол адам махаббат туралы қашан,қайда,қандай роман жазған еді. Мақтап жүрген жазушылардың біреуі де жазған жоқ қой. Моңғол адам роман жазғанда үнемі тарихи роман жазады .Өлеңші,поезияшылары махаббатты түсіндіріп шыдамайды, тек қана бергі жағын ғана жазады. Махаббат әдемі,махаббатта қиналады, махаббатында қайғыланады дей ме ау, құмарлықтың шатасқаны жайлы ғана жазады. Романда тәрбиелеген, түсінген махаббат туралы болады.

- Бірақ поезия деген жалпы адамның сезімін қуандыратын нәрсе емес пе?

- Солай ғой.Өлең, поезия керемет сөздермен адамды еліктіреді, оятады. Роман оқығанда аһ махаббат деген осындай қорқынышты ма еді дейді. Сонымен жүре келе махаббат зорлық зомбылық болады. Махаббат сондай жақсы нәрсе емес. Махаббаттан болып ұрыс төбелес болады, адам өлтіреді. Махаббаттан болып дос қызын сабай сабай өлтіріп тастаған мысалдар бар ғой.

ДОБЫРАЙҒАН,ҚАЛЫҢ КУРТКАЛЫ,БЕТ АУЫЗЫН ЖАУЫП АЛҒАН АДАМДАР БАРДА ҚАЙДАҒЫ МАХАББАТ,НЕ ДЕГЕН МАХАББАТ.

- Махаббат деген зорлық зомбылық болады дегенге сізбен қосылмаймын. Міндетті түрде осындай сәтсіз болуға тиісті емес қой.

- Біздің елімізде махаббат үнемі сәтсіз болады. Себебі махаббаттың теориялық кітабы да жоқ қой. Роман да жоқ қой.

- Шетелдің жақсы туындылары, кітаптарын оқып түсінуге болмай ма?

- Ол шетелдің адамдарына ғана қажет. Біздің өмірімізге байланысты нәрселер қажет. Біз ет жейміз, қыста суыққа тоңамыз. Ана Франция, Италияның махаббаттары үнемі ыстық жерлерде болып жатады. Мынадай добырайған, қалың қалың куртка киіп алған, бет ауызын жауып алған адамдар көшеде жүріп жүргенде қайдағы махаббат, ненің махаббаты болады.

- Махаббат жайлы нағыз моңғол роман шыққанға дейін сіздің айтуыңыз бойынша сәтсіздікке ұшырай береміз бе?

-Ендеше сәтсіздікке ұшырай бермей қайтесіңдер. Болысынша суық елдің романдарын оқу қажет. Біз суық жерде өмір сүретіндіктен махаббаттан гөрі жұбай тілейміз ғой.

Қыс болады,добырайып жүреміз. Ендеше қыс болғандықтан жылы адам керек қой. Қараңғыда көшеде жүргенде жаныңа көлеңке етіп, шаған мерекесінде ауыл үйге барғанда жанында жұбайы бар екенін көрсетіп деген сияқты сондай нәрселерге қолданып жүр. Әйтпесе бізде нағыз махаббат болу мүмкіндігі көп жоқ.

Жастық біріктірген, бірге шай ішетін адамды болды деу барлығы да бір біріне серік болу жағдай ғана. Біз киіз үйден шыққалы көп болған жоқ. Крилл алфавитті болғаннан кейін ғана романмен таныстық қой. 1960шы жылдары алғаш оқыдық дегенде біз нағыз махаббатпен сол кезде ғана танысыппыз ғой. Одан бұрын махаббаттан болып үйленбеген. Төрелердің балалары өрісін кеңейту үшін және де қақтығыс жасамайтын кепілдік ету үшін үйленген сияқты. Кедейлердің балалары қайтсін,бірі сауыншы қыз,келесісі жылқышы жігіт. Сен екеуміз жалғыз жалғыздан жүргенше бір үйге бір бірімізге серік болып өмір сүрейік деп деп үйлене салады. Кәзір де сондай, онысын растау қажет қой.

- Қазіргі жастар өзгерген шығар...

- Қазіргі жастар қайтті ғой дейсің. Американың Холливудтың киносынан көргендерін осы жақта тәжірибе жүзінде қолданып жүр ғой. Жүзік тағып той жасап деген сияқты. Ол негізінде Христиан дінінің дәстүрі ғой. Құдайдың алдында ант беріп үйленіп жатқан. Бұл Моңғолмен еш қатысы жоқ. Толықтай шетелдің жазушыларының жазғандарын әкеліп фейсбукк қойып. Дәл киіз үйінің, мекенінің жағдайына сәйкестіру қажет қой. Екі адам расымен сүйемін күйемін деп бірге өмір сүргісі келсе жауапкершілікті болып бір біріне адал болу мәселесі шығып келеді. Сексті кімдекім,кіммен де,қайда да істейді. Содан балалы болады, жауапкершілік басталады, баланы өсіреді. Үйлене салып махаббатты кері ысырап тастап жауапкершілікті ұстап қалу қажет. Махаббаты бөлек махаббат болуы қажет. Әке шеше өмірлік жар деген махаббатпен сүю қажет. Үйленуден бұрынғы махаббат көбінесе секс,құмарлыққа жақын болады.

- Құмарлықтан пайда болған үйлену ғана бар дейсіз бе?

- Әрине ғой.Дәл несіне ғашық болып жүр? Дене бітіміне ме? Бет әлпетіне болып жүр ме, қаражат жағынан жағдайлы болғандықтан немесе алтын жүзік, көлігі,үй жайына ғашық болып жатыр ма? Дәл несіне ғашық болып жүр? Дәл адамына ғашық болып жүрсе алдыңғы тісі жоқ немесе көзі қыли болып қалса да сүюге тиіс қой. Адамына ғашық болғандағысы ғой.

- Адамына ғашық болу дейсіз бе?

- Адамына ғашық болу деген дәл сол тұрған жағдайы, мінез құлқы, сөзі, қарым қатынасы, денесін алып жүрген жағдайы деген сияқты сипаттары ұнаған деп түсінуге болады. Неліктен адамдар косметикалық операциялар жасатып жүр. Кімге арнап әйелдер мұндай нәрселерді жасатып жүр.Қызық шығар.

"Өзіне ұнау үшін көзіне қатпар салдырып жүрген адам психикалық мәселесі бар адам шығар"

- Өзіне арнауға болмай ма?

- Не айтып тұрсың. Өзіне арнап олай ақша шашудың қажеті қанша. Сен өзіңе өзің анадан туған денеңмен ұнауың қажет. Өзгелерден болып осындай ақымақ іс жасап жүр ғой. Себебі өзге адам саған сондай көз әдемі, сондай дене әдемі деп айтып қойған. Адам өзінің бір меңіне бола ма бет әлпетне ғашық болуы қажет. Өзіне ұнау үшін қатпар жасатып жүрген адам психикалық мәселесі бар адам шығар.

- Өзіне ұнамайтын адамды өзге адам қалай ұнатсын деген сөз бар ғой.

- Өзінің анасынан туған денесін ұнатпайтын адам ол адам қандай адам мен білмейді екенмін. Неде болса өзін алап жүріп кететіндей болу қажет қой. Өзін сүйетін адам деген өзгелердің еш көмегінсіз өзін өзі алып жүре алатын адамды ғана айтады ғой. Өзін өзі алып жүре алмайтын адам қайта бір адаммен бірігудің еш қажеті жоқ қой. Немесе адамнан көмек тілеп барып жүр ме. Онысы кер баққанда тағы бір өзін өзі алып жүре алмайтын адам болса қайтеді. Өздерін өздері алып жүре алмайтын жас балалар құмарлығынан болып балалы болып алған,сонымен үйленуден өзге амалсыз болады. Бала тәрбиелеп өсіру деген қандай қиын жұмыс еді. Содан әке шешесіне апарып беріп сендер мына балаларды алыңдар,біз екеуміз шыдамайды екенбіз дейді ғой. Бұл Моңғолдың қайғы қасыреті. Махаббат отбасының мәселесі. Моңғолдың миына симайтын мәселе болып отыр.

- Ендеше не істеу қажет?

- Махаббат туралы үлкен кітап шығару қажет.

Социологиялық және психологиялық зерттеу жасау қажет. Содан кейін ғана махаббатты анықтау қажет. Махаббатқа ере адамгершілік, тәрбие, жауапкершілік бірге жүреді дегенді түсіну қажет.

Ар жағында ақшаның мәселесі де бар. Ақшасыз адам біреуге үйленіп еш қажеті жоқ. Сондықтан мына Арабияның мәдениеті бойынша ақшалы еркек адам ақшасын төлеп қызына үйленіп жатыр. Бізде біреудің әп әдемі қызын ақшасыз қайыршы алып алап «өлтіріп» отыр. Ақшасыз бола тұра бір үйге кіріп алады, одан балалы болып алады,сонымен ол шықпай қояды, кетпей қояды, зиян шектіріп. Әке шешесі «жарайды, бұл екеуінің бастарына отау тігіп жеке шығармасақ» дейді. Сонымен тозақ басталады. Екі ақымақ бала бірігіп бала шығарып тастаған. Өзгелердің көзінше шаған мерекесінде керемет адамдар сияқты көрініп амандасатыны болмаса ар жағында тола ұрыс төбелес. Толықтай спектакль.

Біз үнемі спектакль қойып өмір сүрген адамдармыз ғой. Шындығымызбен жүріп шыдамаймыз.

Біз үнемі спектакль ойнап өмір сүретін халықпыз. Шындығымызбен болып шыдамаймыз, шындық дегенді білмейміз, шындықты қабыл алмаймыз, шындықты жасырамыз, шындықтан қорқамыз, осындай халық махаббат айту мүмкін емес .Себебі махаббат деген шындыққа ғана қатысты іс. Ендеше махаббат болуы мүмкін емес. Ананың махаббаты да болуы мүмкін емес. Әке шеше де өтірік. Балаларын қайтіп болса да бір жұмысқа кіріп бірнеше теңгемен көмек болар ма екен деп қана көреді. Әкенің махаббаты тіптен өтірік. Ұлын сумо, балуан, саясаткер етемін деп ақымақтана бастайды .Оны қандай махаббат дейді. Менің ұлым өзіңнің талантың мен қабылетіңді пайдаланып өз қалауыңмен өмір сүр, әкең қолдайды деп айтатын әке қане қайда бар. Сені мен білнмін дейді емес пе. Әке шеше, аға әпеке, дос жарандардың махаббатын айту тіпті мүмкін емес. Адамдардың махаббатына көлденеңінен әсер етіп ажыратып үйлендіріп жатады.

 

БІЗДЕ СУЫҚТАН БОЛЫП ТЕЗІРЕК БІР ҮЙГЕ КІРІП ОТЫН ЖАҒЫП ОТЫРУДЫ ОЙЛАП ЖҮР

- Сіздіңше махаббат жайлы үлкен теория шығару қажет екен. Ендеше ол теорияны қайда үйрету қажет?

- Білімнің жүйесінен бастау қажет шығар.Бізде махаббат, секс жайлы сабақтар енгізу қажет.

Секс жайлы ешқандай ұғым жоқ. Тек қана қараңғы секс істеп жүр. Неліктен мына Моңғол әйелдер шетел еркектеріне соншама құмар дейсің. Олар ең бер жағы жақсы көріп, мәдениетті секс істеп жүр. Жастардың көбі жастайынан кішкентайынан порно көріп миы зақымданып қалған.

- Миы зақымданып қалған...?

- Тек құр сөзден ештеңе өнбейді. Ғашықпын деп кім кім де айта алады ғой. Сөз бен нақты жағдай екеуінің арасында үлкен айырмашылық бар ғой. Фейсбукте жазылған сол бір шумақ деген сияқтыларды қою керек. Әлгі адам мені расымен сүйе ме дегенді қалай білу керек дегенде өмір сүре келе біледі.

- «Сүю өнері» кітабымда жазғанымдай адамдар өздерін қалай жақсы көргізу туралы ғана ойлай береді. Алдымен өзі адамды сүйе білу қажет делінеді ғой.

- Өмірде алыс беріс тепе тең болу қажет. Алған болсаң беруді де біл. Адамға махаббат берген болсаң махаббат та талап ете аласың. Адам тілемей тұрғанда жақсы көріп алып соңынан махаббат тілеудің мәні жоқ. Сондықтан адамға ғашық болу деген онша оңай мәселе емес. Мен біреуге ғашық болып қалып келесі адам мені жақсы көрмесе  қайтем. Осылайша келесі мәселе шығып келеді. Жалпы кепілсіз болғандықтан амалы таусылып ламаға барып тағдырын сұрайды. Мынамен үйленем бе қайтем деп. Онысын лама білмейді ғой байғұс. Өзінің махаббат мәселесін шеше алмай жүрген лама өзгенікін қалай білсін.

Өзінің махаббат мәселесін шеше алмай жүрген лама өзгенікін қалай білсін.

- Білмейді дейсіз бе?

- Білмейді, қалай біледі. Сен ойлашы. Тіпті ешкім де білмейді. Ең қиын тақырып. Сондықтан да бүгінге дейін кино жасап, роман жазылуда. Ешкім білмейтін болғандықтан болжаммен, тәрбиемен ғана жүр ғой.

- Бізде расымен махаббат романдары жоқ па? Міндетті түрде моңғол адамның жағдайына тарыған махаббат романы қажет пе?

- Қайда бар, алып кел оқиын, қазірге дейін естімеппін. Біздің бағалы нәрсеміз өміріміздің жағдайынан шығып отыр. Жылы киім,калориялы ет тамақ бізге маңызды болып отыр. Тоңудан, қарнымыз ашудан қорқамыз ғой біз. Жағдай, мекенімізге байланысты тіптен өзгеше махаббат пайда болады. Бізде суықтан болып тезірек ғашық болып жатыр ғой. Тезірек бір үйге кіріп отын жағып отыруды ойлап отыр. Алдымен бұл тірі қалудың талпыныстың түрі болып отыр. Қайдағы ана нәзік өлең,қайдағы роман. Отты жақ,ағашқа бар, ет жоқ, соғым әкел дейді ғой. Өмірлік жағдай ерекше бөлек. Біздің өміріміздің стилі, мінез құлық, нені қалайтының жағдайға байланысты пайда болады.

- Өмірдің осы сияқты стилімен сәйкесіп біздің махаббатымыз, бағалы нәрселеріміз тағы бөлектеу болуға болады ғой?

- Болады ғой. Жағдайға сәйкесіп Моңғолдардың махаббаты біраз өзгешелеу болар. Міндетті түрде өзгелермен бірдей болу керек емес қой. Франциялықтардың махаббаты өзгеше. Солай боды екен деп біздікі кем болады деген сөз емес қой. Біз тек қана махаббат туралы егжей тегжейлі айтқан жоқ шығар. Бір жағынан бізге сәйкеспейтін махаббат кинолары, романдары шетелден тысқыра кіріп келген. Біз соларға басылып қалдық. Көптеген моңғол әйелдер шетелдікімен үйленіп жатыр. Себебі моңғол әйелдер төзіп қалғысы келеді. Оларға ақша қажет. Моңғол жастарда ақша жоқ. Сүйеу қажет. Моңғол еркектерге шешелері жастайынан немесе сүйеу болуды үйретті дейсің, ештеңе үйреткен жоқ. Суықта өскен моңғол әйел алдымен тірі қалуды ойлайды,ақша мен сүемелдеу қажет.

- Бірақ Моңғолда жұмысты ақшалы, әйеліне сүйеу болатын жастар көп шығар.

- Бар болса жақсы. Қуанамын. Қоғамның жалпылай сипаты олай емес болып тұр. Ерекше біраз адамдар бар шығар. Жалпылай олай емес. Ондай адамдарға сый тарту керек пе қайту керек.

Махаббат, отбасының мәселелері Моңғолда ең үлкен мәселе болып отыр.

- Бір жағынан көптеген жағдайларда әйелі үй іш отбасын алып жүретін сияқты.

- Қиын ғой.еркек адам үшін ат атақ, адамның алдында өзін көрсету үшін көптеген мәселелер бар. Ақшасыз күйеу бай әйелмен өмір сүру деген тозақ қой. Ішкиімінен бастап барлық нәрсесін әйелі алып беру қажет болады. Ол шын мәнінде сол үйдің бір ұлы сияқты деген сөз ғой. Ақшамен өлшенбейтін нәрсе ол ат атақ. Әйеліне асырататын адам шаған мерекесінде ауыл үйге кіргенде де қиын болатын шығар. Шешеңмен осы ақшамен амандас деп әйелі ақша береді деген сөз ғой. Сенде неткен әдемі шақша бар десе әйелім алып беріп еді дей ме. Ондай аянышты өмірмен мен әйтеу өмір сүре алмаймын. Одан да жалғыз ұн көжемді ішіп жүре бергенім артық. Солай жүре беретін адамдар бар шығар.

- Осылайша махаббат қоғамның мәселесі болып өзгере ме?

- Жалпы солай. Әйтпесе поезияшылар, әншілер, немесе теледидарда өтірік айтатын адамдар сияқты нәреселер айтуға болмайды.

Керемет бір ұлы махаббат айтқан адамдар, өздері де біле ме екен. Анаңды сүй деп әндете береді ғой. Жаман ананы қалай сүйеді. Әкеңді сүй дейді, сүюге тұрмайтын ең жаман әкелер жетіп жатыр. Енді заман өзгеріп адамдар фейсбукпен танысып үйленетін болды. 21ші ғасырда махаббат өзгешелеу айтылатын болды. Адамдар өзара барлық нәрселерін келісіп отбасы болып жүруге де болады. Шумақ өлеңнің махаббаты артта қалып қалса да адамдар оны тастамай жүр.

- Өмірдің мүмкіндіктерімен жақсылап сөйлесіп келісіп отбасы болуы артығырақ таңдау дегелі тұрсыз ба?

- Отбасы болардан бұрын екеуі алдымен шындығын ашық айтып алу қажет.

Моңғолдар үнемі өтірік айтады. Жалпы шындығын айтуға болмайды деп түсінеді. Тіпті жастайынан баладан мектеп,мұғалім, әке шешесі үнемі өтірік айтуды талап етеді.

Өтірік айтып қана барлығы жап жақсы болады. Кімдекім шындығын айтса ыза болады. Біздің жазып жүрген барлық мессежіміз, фейсбукке қойып жүрген ақпараттарымыз барлығы жақсылық қана болады. Себебі Моңғолда жақсылық онша көп емес. Өте аянышты. Америка, батыс елдерінде көбінесе жамандықты әшкерелеген сөккен ескерткен  нәрселер жазады. Осылай жасасаң үстисің ғой деген ескертулер көп. Бізде еш ондай жоқ. Толықтай әдемі жақсы суреттерін фейсбукке қояды. Өмір жалпы осындай қызықты, жақсы жаманды.

Molorerdene






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021