Біз еркектердің мәселесі көп елміз

Jan 25, 2021


Біз еркектердің мәселесі көп елміз

Философ С.Молор-Эрдэнэнің «Тең құқық тең мүмкіндік» атты жаңа кітабында еркіндікте өмір сүру үшін тең құқық қажет екені жайлы жазған екен. Тең құқық деген тең мүмкіндік. Тең құқықтың жеті жауымен күресуде, жеңіп шығуға осы кітап көмектеседі. Осы жеті жаудың бірі тасталатын бөлімінде «Жыныс айырмашылығының тең құқығы» туралы жазғанын кеңейтіп әңгімелесіп, жендердің қазіргі жағдайы жайлы оның ойы мен сөгісін тыңдадық.

-Моңғолда жендердің тепе теңдігінің жағдайы қалай?

- Биология тұрғысында әйел мен еркек деген жыныстық айырмашылық бар. Жендер деген социология ұғымы. Моңғолда болғанда негізінде еркектер басылып, әйелдер жоғарылаған қоғам болып өзгеріп барады. Тек қана саясатта еркектер басым. Ол болғанда үкімет партияларының ішкі ережелеріне байланысты жағдай. Өзге салаларда әйелдер басым. Университеттің мұғалімдерінің көбі әйелдер.

- Неге осындай жағдайға түсті екен...

- Біздің қараңғы сеніміміз, әдет ғұрпымыз, жалғасқан дәстүрімізден барлығы басталып отыр. Біздікі өте қараңғы сенімге сенетіндіктен баланың өзінің талантының дамысын тоқтатып көбінесе ламаларға барып мамандығын сұрап тағдырын шештіреміз дейді. Ұл баланы жастайынан өз өзін алып жүріп кетеді деп тастап қояды. Қыз балаларын жоғарғы мектепке кіргізіп,ал ұл балаларына көбінесе қара жұмыс істетеді. Таксиге жүргізіп деген сияқты. Ұл бала қара жұмыс істеуге тиіс, қара жұмысқа жақсы деген әдет ғұрыпты елміз. Ұл балаға оқу оқитын ақша көп бермейді, қыз балаларға көбірек береді.

Барлық бала бірдей білімді болуға тиіс. Қырдан аға қарындас бірге келді деп мысалға алсақ ұлы такси мініп ақша тауып қызы университетке оқиды.

- Сонда бұл кімнің терістігі?

- Әке шешенің, әдет ғұрыптың терістігі. Біздің әдет ғұрып білімнің әдет ғұрпы емес. Адамға білім қажет демейді. Үлкен денелі, шыдамды, күшті, ақшалы болу қажет дейді. Бұлшық ет, сіңір, қара жұмыс жас кезде ғана болады. Ендеше еркектер білімнен артта қалып, арақшы болу немесе партия мен саясаттың ойыншығы болып отыр. Еркек адамға ғылым білімнің қажеті жоқ, кітап оқып отыра бересің бе тұр жұмыс істе дейді. Кітап оқып жата беремісің дейді. Бұл ғұрып малшылық өмірден жалғасқан. Адам қозғала берсе еңбек, ақыл ойдың еңбегін еңбек деп түсініп үйренбеген. Кітап оқу ең үлкен еңбек.

- Көп жағдайларда, еркектер жұмыс істеп, әйелдері баласын қарап үйде отыратыны туралы айтылып жатады ғой...

- Социализм кезінде солай болған шығар. Айналадағы әйелдерді қарашы. Барлығы әйелдер мерекесі деп кетіп жатыр ғой. Үйде күнібойы бала қарап отырған әйелдер онша көп емес. Үйтіп өтірік айтудың қажеті жоқ. Моңғол әйелдер үйінде сүт сапырып отыратын өмір жойылған. Енді еркектер жүк машинасына мініп жүр. Университеттің кабинеттеріне барып көрші. Жеті сегіз әйел мұғалімдер, бір еркек мұғалім бар. Әлгі жалғыз еркек торт пен тамаққа жүгіріп жүреді.

- Бұл жағдай согда әйелдерден болып отыр ма?

Әйелдерден болған жоқ. Моңғол адамда тәрбие жоқ. Киіз үйдің тәрбиесі деген жылқышыны үйретіп отыр. Қоғамдық өмірге математик, физик, дәрігер, мұғалім болуға арналған тәрбие жоқ. Ана деген биологиялық ана болғаны болмаса, тәрбиенің анасы емес қой деп мен кітабымда жазғанмын. Әке де білімнің әкесі емес қой.

- Неліктен еркектер тасталған деп көріп отырсыз?

- 1990шы жылы біз демократия атпен мәдениет пен интеллигент екеуін жойып енді қайтадан феодализм болған. Сонымен қатар қараңы сенім,шаман дамыды. Еркек адамдар жұмысты интеллигенттер болатын. Олар енді жұмыссыз болып, еркек адамның бағасы түскен. Сол көңілден түскен адамдар арақшылардың тобына қосылып көбі өліп қалды. Кейбірі социализм кезінің өндірісін сатып байыған феодал немесе балуандар. Еркектер жұмыссыз  болып үйде отырып ақша әкеліп бермесе әйелі шыққаннан өзге амал жоқ.

Еркек адамды құрметтегенді қойған. Үлгі болғанды қойған. Ендеше ол адам көңілден түседі, араққа құнығады. Қабырғасы құлап қалғандықтан әйелдерге жауапкершілік артылып отыр. Әлгі күйеулері арақшы болып, кейбірі арақшылар тобында өліп қалғанда әйелдердің басына жауапкершілік келіп олар шамаларынша талпынған. Сондықтан да айырмашылық шығып отыр. Кейбір әйелдер сол еркектерін жанына алып жүріп жүрген шығар. Арақтың емделуіне жіберіп, киім кигізіп, беті қолын жуып, тістерін жөндетіп. Жалпылай жағдай осылай болып отыр. Бір үйде міндетті түрде бір мәселесі бар еркек болады ғой. Кейбір жақсы жүргендерінің ар жағында әйелдері немесе әпкелері болады. Ұл баланы тәрбиелейтін ақыл жоқ.

- Қалай тәрбиелеу қажет?

- Әке шешелер балаларға үйретпе білерменсіме деп кітабымда жазғам. Жалпылай бала өз қалауы бойынша мамандық иемденіп үйрену қажет. Бай босс бол, балуан бол деуге болмайды. Керемет бол деп ақымақтануға тіптен болмайды. Бала өзінің арман тілегі бойынша оқу қажет, талантын дамыту қажет. Қалаған нәрсесін істеп жүрген адам бақытты болады. Ешқашан өзінің мамандығы мен тілегін балаға итермелеуге болмайды. Ешқашан алдына түсіп таңдап шешім шығаруға болмайды, кеңес беруге болады, тәжірибелерінен айтып беруге болады. Кісімен үйленуіне дейін әсер етеп, барлық ісіне кірісуге ешқашан болмайды.

Жаңа заман басталып қойғанда ламаға жолын жөндетіп, кімге үйленетінін үйреткізіп жүре беруге болмайды. Осындай техника технология келіп қойғанда ешкім сенбейтін қараңғы сенімнің нәрселерін айтуда. Мына заманда еркектерге қолдау көрсетіп жұмысты болғызу қажет. Мамандығын жоғарылату, жасқа жеткендердің мамандығын иемдену, ағылшын тілін үйрену, кітап оқу қажет. Әйтпесе сопайып, шаған мерекесінде шапан киіп амандасып, дұрыс сөз де айта алмайтын сондай еркектер ғана жүретін болды.

- Үйде баласын бағып немесе тазалықшы істеп жүрген еркектерге қоғам көбірек сөгіспен қарап мазақтайды, қайтадан сол адамдар сол жағдайынан ұялатын жағдайлар да бар....

- Адамның құқығына тиісіп отыр. Өзінің қалауымен, жұмыс пен өмірдің талабымен адам не істеуге де болады. Сол сырт адамдардың әсеріне кіріп қапаланып ақымақтанудың қажеті не. Досының айтқанын құлаққа аспау қажет. Досыңмен тойлатып пиво іш, содан қош бол де. Бірақ бірге жұмыстайтын, қызығушылығы бір, мамандығы бірдей адамдармен достасып жүре беруге болады. Ешқандай мағынасыз бірге той тойлататын, дос деген атты ешкімге қажетсіз, зиянды адамдардан алыс жүру керек. Қалауымен баласын бағып отырғанда дос деген біреу келіп адамды келемеждеу деген тең құқығына зиян шектіріп отыр деген сөз. Ол адам өзі де құқығын білмей қапаланып ақымақтануға болмайды. Өмірдің талабымен сол бір мезеттерде адам баласын бағуға болады. Бірақ әйелдер жанындағы көптеген адамдарға зиян істеп өзінің құрбанына шалуға болмайды. Жанындағы адамдардың тең құқығын бұзып супер болу үшін күйеуін, әйелін, баласын құрбан етуге болмайды.

Біз еркектің мәселелері көп елміз. Еркектердің тең құқығы бұзылып отырған ұлтпыз. Бұл мәселені шешпейтін болса еркек әйел адамдар тең құқықпен бірге өмір сүру мүмкіндіксіз болады. Моңғол әйелдер шетел еркектермен көп үйленетін шығар. Еркексіз болып жатқандықтан үйленіп жатыр. Әйтпесе дұп дұрыс еркек көп болған болса олай жасамас еді.

- Бізге қандай шешім, арықарайғы жоспар қажет болады?

- Енді ең алдымен барлық университеттер еркек профессорлардың квотасын шығарып келу қажет. Студенттерге де квота тоқтатып ұл балаларды қосу қажет. Біраз уақыт қана солай жүре келе баланс ұстай келе қоя салуға болады. Баланс ұстату үшін алып жатқан асығыс шара. Aз уақыттың шешімі. Төтенше жағдай жариялап жатқанмен бірдей. Бізге интеллигенттер қажет. Қыз балалар әке шешесінен ақша алып университетке оқып жатыр. Ұл балалар аз ақша алып жатыр. Керексіз істерге оңай еліктеп кетуде. Компьютер ойнының жерлеріне бас сұғып көргенде ақ білінеді ғой. Ұл балалар ғана отырады.

- Еркектерді қалай ұрандау қажет?

- Аз уақытта квотаны қолға алу. Басқа шешім қазірге жоқ. Тәрбиеде үйретпеу қажет, білерменсіме. Баланың тілегін буып алдына түспе. Олимпиадаларды тоқтату қажет. Бұл тек қызғаныш пен орташаларды ғана өндіреді. Отбасы ішінде ата аналар ешқашан баласын керемет бол деп итермелеп қыспаққа алуға болмайды. Моңғолда болғанда еркектердің тең құқығын қорғау күнін жариялайтын күйге жетіп отырмыз. Еркектерді қолдайтын күн, еркектерді білімді ету іс шарасы дейміз бе. Еркектер өздері талпыну қажет. Осындай нәрселер тез арада қажет болып отыр. Францияда әйелдер студент болу үшін алғашқы студент қыз деп күрескен болатын. Бізде керісінше еркектерді студент болғызу керек болып отыр. Әке шешелер шындығымен болу қажет. Шыдамайтын болса шыдамайтынын анасы айтады. Әкесі де мен білмеймін, әкеісінің білімі жетіспейді деп айтып шыдайтын болу қажет.

 

Molorerdene

 

 

 

 

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021