КЕДЕЙЛЕРДІ БАЙЛАР ЕМЕС ҚОҒАМНЫҢ САНАЛЫ, БІЛІМДІ АДАМДАРЫ жетелейді.

Jan 25, 2021


КЕДЕЙЛЕРДІ БАЙЛАР ЕМЕС ҚОҒАМНЫҢ САНАЛЫ, БІЛІМДІ АДАМДАРЫ СҮЙРЕЙДІ

Саясат танушы, философ С.Молор-Эрдэнэмен әңгімелестік.

- Сізді Германиядан білімді саясаткер, төзімді үкімет орнату үшін жаңарту жасау үшін келген дейді. Соныңыз үшін қаншалықты жүріп жүрсіз?

- Біз бір бөлшек адамдарды саясат деп түсініп жүрміз. Қоғам өзі саясат. Барлық азамат саясаттың азаматы ғой. Барлық адам саясаткер болуға тиіс. Жалпы барлық азамат саясаткер ғой. Ең бастысы мен жұмысты, мамандымын. Жұмысымды істеп жүріп жүрмін. Сен біз үшін соған кір деп 76 мүшені біріктіргенбіз. Мен философ сен журналистсің, ал ол пенсионер. Біз бас басымызға жұмысымызды істеп бос емес болғандықтан барлығымыз бірігіп аймақ, аудан, сұмынымыздан бірімізді таңдап «Сен біз үшін барып саясат жаса» деп жібереміз. Саясат деген осы ғой. Алғаш Гректе үкімет орнағанда осылай орнаған. Біз саясатпен әбден бертін 1940шы жылдары ғана танысқанбыз. Сол кезде ғана саясатты болғанбыз. Моңғол елі Үкіметті, Парламент Ордалы, құрылысты, маманды адамды бола бастаған. Одан бұрын бізде үкімет саясат дерліктей ештеңе болған жоқ. Ру руымен болғана ерте заманның халқы. Енді Шыңғыстың үкіметі деп айтып жүрміз. Оны үкімет деу қиын. Ұлы үкімет құрылтайы деп айтып жүрміз. Ол кезде алфавит те жоқ болған, қағаз да болмаған. Жазылған жазба да жоқ. Негізінде бір ертегі, аңыздар арамызда естіледі. Богданы айнала қара, сары феодалдар отырған, ал 1940шы жылдардан бастап біз қыр шаруашылық, мал шаруашылық, білім ағарту министрлікті болдық қой.

- Бізде үкімет жағдайы тұрақсыз болып отыр. Соған ере қоғам да қапалы болып отыр. Сіз осы жағдайға қалай қарайсыз?

- Мен жоғарыда айттым ғой. 1940шы жылдардан кейін біз адамзаттың саясат деген ұғымымен таныстық. Сол ұғымды өмірімізге қолданып енді жақсарып келе жаттық. Үкімет үйлі, министрлі болдық, сайлау болатын болды. Халық құрылтайы болатын болды. Ол жиналысқа сұмынның аймақтың бастықтары келетін. Содан барлығы бірігіп алып мемелекетті қалай дамыту жоспарын жасап жүретін болған. 1990шы жылы демократия дейміз бе көтеріліс дейміз бе өзгеріске кіргенбіз. Революция емес. Революцияның бұған еш қатысы жоқ. Сонымен біз халықты алып жүретін саяси құрылымымызды бұзып тастағанбыз. Негізінде жөн жөнімен кетіп саясат мән мағынасын жоғалтып алған. Халық құрылтайы деген жоқ. Сұмынның бастығы саясатқа кіріп келіп сұмынның мәселесін өзгелерге айту еш мүмкіндіксіз болып қалған. Жай ғана аймағы бір екі адамды таңдап жібере салады. Олар Ұланбатырға барып аймақты ұмытып кетеді. Сайлау болғанда ұн, бидай тарата салады. Осындай жағдайлар болып жатыр ғой. Қырда болғанда бензин анау мынау тарата салады. Саясат дегенде қара базардың, ең жаман ұғымдары жүріліп жатыр ғой. Шын мәнінде саясат деген ең жақсы іс болуға тиіс еді. Мемлекетті алып жүру деген өте жауапкершілікті, ат абыройлы сондай еңбек. Қайда да саясаткер адамды құрметтеу қажет.

Бізде 1990шы жылдан саясатқа жаман жұтық, сауданың, осы қоғамның ең оғаш, төменгі деңгейдің, ең нашар оқыған, ақаулылары кіріп алған. Қоғамы дамып жатады. Әлгі жолдастар бізден де артта қалып қойған. Осындай бір қызық жағдайға кіріп қалған болып отырмыз ғой.

- Сіз бір кездерде МХРП ға кіріп, артынан Хамуг Моңғол еңбек партиясын орнатып саясатқа күштірек араластыңыз ғой?

-Кіргем, кіргем. МХРПға көп кіргем жоқ. Ана партияны мен орнатысқанмын. Шинэбаяр, Буян компаниясының Жаргалсайхандармен бірігіп бірлесіп сайлауға кіргенмін. Мен тізімнің ең алдында жүргенмін. Не болғанын кім білсін, ол жерде саясаттың әр түрлі қулық сұмдықтары жүріліп алғашқы күні ақ мені тізімнен шығарып тастады. Сосын бір қарағанда жоғалып кеткен. Осындай жағдайлар болды. Жарайды, ол тарих болып қалды.

Өткен уақытта мен ағарту, кітап оқу, кітап жазу, кітап аудару, қай бір ұзаққа барып лекция оқып, сабақ үйретуге көбірек зейін қойып жұмыстап жүрмін. Жалпы осы қоғамда азаматтар, біз өзіміз оқып білуімізге көбірек мән беріп, саясат, дүниетаным жайында дұрыс ұғымды болып, моңғол адамның ақыл ойы адамгершілікпен толып, адамгершілікке өзгеріс жасап оны дұрыс түсіндіріп, адамдардың зейінін жақсарту қажет. Өйтпесе адамдар ақыл мен сананың төменгі сатысында жүргендіктен көбінесе сол қара масс болатын адамгершіліксіз, төменгі сатының, білімсіз, сондай адамдарды сайлай салады. Сайлаған сол адамдары жоғары шығып алып барлық өмір жағдайын былықтырып тастайды. Осы қоғам, азаматтар, мемлекет деп барлығы жұмыс шаруа, айлық жалақылы, баласы мектеп балабақшасына барып, әке шешесі айлық жалақысын алып келіп үйінде шай тамағын ішіп, тоңбай жүруіміз біздің басты мақсатымыз ғой. Әйтпесе төрт бес адам шексіз бай болып енді бір жағында қалың қара масс, кедей, киіз үйлерде әлгі шикі көмірін өртей берсе не боламыз. Ол жақсы көмір де емес. Біз ең сапасыз көмірді сатып жүрміз. Ең сапалы бағалы көмірін компаниялар алдыңғы көршімізге, шетел компанияларына өте арзан күлкілі бағамен сатады. Сол сияқты біздің өміріміз, қоғам, мемлекетіміз бас аяғымен былығып қалған. Барлық нәрсенің мағынасы жойылған. Барлық істі ойлап тұрсаң дені сау адам бар ма деп ойлайтындай оқиғалар болады.

-Сіз жаңа әңгімеңізде айттыңыз ғой, адамгершілікті болу жайлы. Кешірім туралы заңды осы қоғамға аз болса да жарық жақсылық әкелген оқиға болды деп көретін адамдар көп болды ғой?

- Кешіру деген саясаттың формуласы емес. Заңның да формуласы емес. Кешіру деген діннің формуласы.Теріс нәрсе істеген адамды кешіреді, мені кешірші дейді. Сол ғой. Саясатта кешірім деген болмауға тиіс.

-Дұрысы қандай болуға тиіс?

- Кешіру дегеннен гөрі, сол оқиға, саясаттың сол іс шарасы, арғы мақсаты, ойы істеген ісінен артық шыққан, істеген ісіне сәйкеспеген жазаларын жеңілдеткен ғана жағдай. Әйтпесе кешірім анау мынау емес қой. Жауапкершілік көбінесе арттырылып жатады. «Жолдас, сен қылмыс жасадың, біз сені жазаладық Бірақ осы жаза қазіргі еліміздің жағдайына қарағанда ауырлау сияқты. Сені жұмсағырақ жазалайық» деген ұғым ғой. Осындай ұғым болғаны болмаса істеген қылмысын жоққа шығарып жойып тастауға болмайды, бірден қылмыс жасап жазаланып отырған адамды. Он жылға жазаланған адамның жазасын сегіз жыл қылайық. Сенде үш жыл қалған екен. Сен жалпы жақсы тәртіпті жүрсің, өзіңе қарасақ өкінген сияқтысың, артқы үй жағдайыңа қарасақ та сен соларға қажетті адам екенсің. Үйдің отағасы, үйдің әйелі екенсің. Сен бір жыл бұрын шыққанда болмайтын жағдай жоқ екен деген сияқты адамгершіліктің ұғымдары ғой. Адамдық ұғымы ғой. Әйтпесе ешкімді де кешіруге болмайды. Кешірім деген дінде ғана болады. Мені кешір, жанымды алма деген діннің ұғымы. Саясат пен заң тұрғысында кешіру деген өте өшкін. Түсінігі аз, қайтіп те айналдыруға болатын қауіпті іс.

-1990шы жылдардан кейін және бұрынғы үкімет жағдайы өте көп өзгерді дедіңіз. Сонымен бірдей философта да өзгерістер шыққан шығар. «Шындықпен жүрсең  өгіз арбамен қоянға жетесің», «Тігіссіз шапан, мақалсыз сөз болмайды» деген сөздер мағынасыз сияқты сезілді?

- Шындықпен жүрсең ешқашан өгіз арбамен қоянға жетпейсің ғой. Бәріміз шындықпен жүріп өгіз арбаға отырып қоян қуып көрейікші. Ешқашан жетпейсің. Ертегі аңыздың осы мақал мәтелдерінің ішінде адамға қажетсіз болып қалғаны өте көп. Үкімет үшін тышқан буынып өліпті дей ме ау. Сен саясатқа қызықпасаң саясат саған қызығады дей ме ау. Осы сөздердің барлығы мағынасыз.

Философия жағынан біз үш нәрсені айтуымыз қажет. Біріншіден адамның бостандығы, тең құқық. Барлығы бірдей құқықты болуға тиіс. Байдың баласы оқу оқиды, кедейдің баласы оқу оқитын мүмкіндік жоқ десе жұмсақ емес қатал қоғам. Сіздің тағдырыңызды ақша ғана шешіп жатыр. Ақшасы, мүмкіндігі аз отбасының баласы сонда қайтеді. Солай біте сала ма. Өз обалың өзіңе дей ме әлде тағдырың солай дей ме. Бай отбасының баласы тура Америкаға оқуға кетіп қалады. Ол да жазылған тағдыр ма. Олай болуға тиіс емес. Моңғолдың балалары барлығы бірдей.

Екіншіден, бостандық. Бостандық дегеніміз шынжырдан үзілетін бостандық емес. Менің білім алу бостандығым, өз тілегімді айта алатын бостандық, арман тілегімді орындай алатын бостандық, теледидар ақпарат құралдарымен айтқым келгенді айта алатын бостандық, үйішімнен ажырасатын бостандық, әйел, күйеуі ұнамаса ажыраса алатын бостандық, барлығы да өмірдің бостандығы ғой. Осы тәрізді нәрселерімізді біз айта алмай жүрміз.

Үшіншіде, біз бір бірімізбен тату тәтті болу. Тату болса күшті деп айтады. Татулық та ештеңе емес. Тату болу деген негізінде өзара келісе салуға болатын іс. Моңғолдар татулық үстіне бірлікшіл болу қажет. Бүгін болып жатқан мемлекетіміздің жағдайына қарағанда шетелдің азаматтары өте көп келіп жатыр. Ақшалы, мүмкіндікті адамдар келуі соңғы бес алты жылда анағұрлым көбейгені білініп тұр. Американың азаматтары құрылыс үй, қыр ойларда жер алып жатыр. Шахта, лицензия, тендерлерді қандай адамдар алып жатқанын сендер көріп жүрсіңдер. Шетелдіктер ғана алып жатыр. Моңғол адам келешекте осы қоғам мен еліміздің  ең төменгі деңгейдің кедей адамдары болатын түрі бар. Көбі шетелдіктер барлық бағалы дүниелердің иесі. Біздің әдемі табиғатымызда жақсы өмір сүріп жатыр. Оңтүстік Кореялықтар ұшып келіп Оңтүстік Кореялықтардың демалыс жеріне демалып, Оңтүстік Кореялықтардың қонақ үйлеріне қонып қана кетіп жатыр. Американдықтар да солай. Ендеше моңғол адам қайтеді. Осылардың даяшысы, тазалықшысы немесе микро автобусы мен джип машинасын айдайтын тізгіншісі бола ма. Қыздарды шетелден келген пенсияға шыққан шалдар ақша төлеп ала салатын осындай өмір басталғалы жатыр. Жиырмасыншы ғасырдың басында ғана бізде осындай болатын. Халық революциясынан бұрын 1911, 1912ші жылдары Харбин, Япония, Америкадан үлкен үлкен мүліктілер келген. Олар өте көп мүлікті, ақшалылар. Моңғол елі халық революциясынан бұрын көптеген елдердің аяғына тапталып жатқан болатын. Өте көп қарызы бар болатын. Пү, пүнлү, өсім, пүс деген сөздер барлығы содан шыққан. Сол көптеген өсім, қарыздан халық революциясының арқасында құтыла бастаған болатын.

-Сол жағдай бүгін біздің кезімізде қайталанғалы жатыр ма?

- Жүз жылдан кейін біз барлығымыз өсім мен қарызға басылып қалған, өсімнен өсім ортасында өмір сүріп, жай бір дайын тұрған үйге кіріп өмір сүре алмайтын, өсімін төлемесе болмайтын, қашан мына үйден қуылар екенмін деген адамдар болатынымыз анық. 20-30 мың пәтер үй бос тұр. Себебі қымбат, қарызға алуға қиын. Қарыздың өсімі жоғары. Бұл мемлекетіміздің экономикасы мен халықтың өміріне орасан көп зиян шектіреді. Ана әдемі пәтер үйлерге жас отбастарын, жас ұрпақтарды кіргізу керек қой.

-Осының барлығынан шығып елемізді құтқарудың жолы бірлік демексіз бе?

- Иә бірлік. Моңғолдар қол ұстасып ақылды, білімді адамдарын демеп қажетті қажетсіз мына жаман ажамдардан алыстау қажет. Біздің арықарайғы өмірімізге бөгет болатын өте көп адамдар бар. Теледидардан өтірік айтып, қара пиар жасайтындар, қараңғы сенімнің адамдары, елімізді арықарай дамытуға бізге еш қажетсіз адамдар бар. Олар екі түрлі адамдар. Осы адамдар арықарай моңғолдар біздің өмірімізге өте көп бөгет болады. Қазір де бөгет болуда. Біріншіде үкімет ұстап тұрған ескінің министрлері. Премьер министрлер. Президенттер. Олар байып алған, үкіметті қолға алып алған. Үкімет арқылы орасан көп ақшалы болып байып үкіметтің маңызды объектлерін алып алған. Сондықтан олар ісін жалғастырып саяси партиялардың басын айналдырып саясаттандырып отырады. Жаман балшық сияқты істерін араластырып.

Келесі жағында бізге еш қажетсіз орасан бай адамдар бар. Бес алты үлкен компаниялы босс, бай иелер. Бұлар еліміздің дамысына ерекше бөгет болып жүрген адамдар. Олар барлық тендер, лицензия, барлық рұқсаттарды алдынала сатып алып алады.

-Байлар кедейлерді сүйремей ме?

- Қайдағы. Ешқашан. Ешқашан сүйремейді. Бұл әлемнің тарихында байлар кедейлерді сүйреген тарих жоқ. Үкімет қана сүйрейді. Кедейлерді қоғамның білімді, ақылды қатары ғана алып жүреді. Бай адамдар алып жүрмейді. Байлар ауру адамдар. Ақшасын көбейту үшінгі аурулар. Жалғыз ауруы сол. Осы екі түрлі адамдар біздің дамуымызға өте бөгет болады. Бірі экономиканың олигархиясы, келесісі саясаттың олигархиясы. Осы екі түрлі олигархиядан арылғанда ғана біздің өміріміз бен Моңғол елі қалыпты жағдайға енеді. Өйтпеген жағдайда бұл екеуі бірігіп біздің басымызды айналдырады. Енді 2016шы жылдың сайлауында қалай басын айналдырсақ екен деп ойланып отыр. Бұл екеуінен қалай арыламыз. Жаңағы сенің айтқаның теріс ұғым. Байлар ешқашан халыққа ақша бермейді. Ақшасын көбейтуді ғана ойлайды ғой. Жарайды, анда санда сайлау жақындап келгенде өтірік тамақтың қалдығы сияқты нәрселер беруі мүмкін. Ол мазақ. Ұн мен күріш ол не болады.

- Ескі мен жаңа нәрсе үнемі қайшыласады. Ескісі жаңасымен қатарласып бірге болмақшы болып талпынатын осы көрініс саясат, қоғам, өнер деп барлық салаларда болады?

-Ескі мен жаңаның қайшылығы ол теріс емес, дұрыс қайшылық болады. Бәрібір қайшыласады. Ескісі ескі қалпында болғысы келеді. Жаңасы өзгертіп жаңартқысы келеді. Бұл болуға тиіс көрініс. Нені жаңартамыз, нені ескі қалпымен алып жүреміз дегенді дұрыс айту қажет. Өте көп әдет ғұрып, дәстүрлер артта қалған. Одан арылу қажет. Жаңа кезеңге кіріп жаңарту қажет. Мен бір рет Р.Чойномды сөккем. Адамдар қатты назаланды, жыларман болды. Чойномнан асып түсетін қаншама өлең жазатын адамдар тууға тиісті болса да туғызбайды, туатын мүмкіндік шығармайды. Басып тастайды. Сен кімсің одан асып түсуге болмайды, сол ғана керемет дейді. Барлығы оның көлеңкесінде жүреді. Ол деген құдай піріміз дейтін болып отыр ғой. Егер өнер дамиды дейтін болса ол артта қалу қажет. Егер ол адам қалпында жүре беретін болса дамыс жүрілген жоқ деген сөз. Әлдеқашан артта қалуға тиіс. Олай болу деген жаман іс емес қой. Жалпы уақыт өтеді, нәрсе артта қалады, нәрсе ескіреді. Жамандығынан емес, қаласа да қаламаса да жаңа нәрсе шығып келеді.

Molorerdene

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021