Демократиялық дағдарыс адамгершіліктің дағдарысы болып адамгершіліксіз қоғам пайда болған екен

Jan 25, 2021


Демократиялық дағдарыс адамгершіліктің дағдарысы болып адамгершіліксіз қоғам пайда болған екен

Бүгінгі күн барлық адам дағдарыс айтып жүр. Ненің дағдарысы? Бұл демократиялық дағдарыс. Неліктен демократия дағдарысқа ұшырады десек Моңғолдар адамгершіліктің дағдарысына ұшыраған екен. Демократия атпен қоғамда жүрілген оқиға жүре келе Моңғолдарды адамгершіліксіз қоғамға әкеп соқты.

Демократиялық дағдарысқа қарай апарып бүгінгі күн дағдарысты тіптен ушықтырып жүрген адамдар баяғы әлгі атақ даңқ сый сияпат жұмыс орны медалға толған адамдар ғой. Олар қоғамның алдында емес артында жүретіндіктен дамыс пен жаңа заманды жойған әке шеше атты қоғамның деңгейінен төмен адамдар болған екен.

Моңғолдар тек қана 1940-1990шы жылдары қоғам дегенмен танысып алғаш рет сауатты болып алғаш рет киіз үйлерін қаптап алғаш рет пеш пен кернайлы болған екен. 1940-1990 шы жылдары ғана шүберек бұл деген нәрсемен танысып Моңғолдлар шүберек көрпенің ішінде ұйықтап алғаш рет тамақ үйлі және ұйықтайтын бөлмелі болып көрген. Шүберек деген сөз қытай сөзінен шыққан ғой.

Демократиялық дағдарысты бастатып оны тіпті ушықтырып жүрген адамдар олар 100 ардақтыдан бастап шахтаның босстары, қараңғы сенімдегілерден бастап саясаттық партиялық өмірлі адамдар. Және де университеттердің профессорларынан бастап өнер қайраткерлері. Осы адамдар шаған мерекесі мен наадам мерекесінде қоғамды ақыл ойдың төменгі деңгейіне апаратын адамдар.

Адамгершіліктің дағдарысын тіптен құтыртып Моңғолдарды адамгершіліксіз етіп жүрген қоғамның деңгейі төмен адамдар бүгінгі күні қоғамның ең маңызды шешім шығаратын деңгейдегі сөз айта алатын адамдар болған екен. Олар айлық жалақысы жоғары теледидардан ең көп шығатын және де газет журналдарға күн сайын шығатын адамдар. Қоғамның осы атақ даңқты жоғарыдағылар деп аталған осы адамдар халықты өз деңгейіне төменгі деңгейге дейін енгізіп итермелеп тіпті жұмақта өмір сүріп жүргендей мақтаушылар.

Демократиялық дағдарыстың негізгі иелері барлық атақ даңқ медалдардың барлығын алып алған. Кейбірін тіпті қабаттап алып алған. Олардың пенсиясы жоғарғы деңгейде тоқтатылып қойған енді не істерлерін білмей ұрынарға қара таппай өмірбаян жазып немесе тарих жазған болып тіпті болмай бара жатса ән айтады. Олар мекен кеңесшісін көп айтады, ру руға бөлініп алып дауласады. Қыр сұмынға үгітшілікке жүреді. Қалада машинасымен қаңғылездеп шапқылайды.

Демократиялық дағдарыстың иелері қоғамның барлық тақырыбын иемденіп қоғамды еркіндікпен сөйлеу барлық мүмкіндігін жапқан. Осы қоғамның төменгі деңгейдегілері ызасы келсе түтіннен қашып шетелге қарай қаңғып кетеді. Олар ешқашан Моңғолдар үшін саусағын да қозғамайды.

Демократиялық дағдарыстың иелері Қытай торғын шапанмен жалтырап киінгенді ұнатады. Қытайдың торғыны жоқ болса Моңғолдарға шапан атты жоқ болар еді дегенді ұқпайды.

Ұланбатырдың түтінін ешбір саясаткер айтпайды. Ұланбатырдың қаласын ақшалы босстар да айтпайды. Ұланбатырдың түтінін қасиеттендіргіш ламалар да айтпайды. Осы адамдардың барлығы қоғамның төменгі деңгейіне жеткен қоғамды ешқашан алға қарай дамытуды мақсат етпейді. Керісінше олар ішіп жегеніне мақтану үшін ең алдымен теледидардан сөйлеп ең алдымен газет журналдарға шығады. Шыққанда тіпті бала шаға машина көліктерімен әуелі десең итімен де бірге шығады.

Қандай да қоғам бақытты қоғам болуға тиісті. Ол үшін Моңғолдар бір бірлеп бақытты жүруі маңызды. Әрине бақытты дегенде 100 ардақтымен бірдей алтын күміс көзқарас ғана айта бермей керісінше қанағатпен өмір сүру ғана ғой. Моңғолдарды сөйлейтін бостандықсыз өзін түсіндіретін қабылетсіз болғызу үшін көп жылдар өтірік айтқандықтан көп адамдар естігісі келгенін айтады негізінде не естігісі келеді сонысын айтуға дайын болған екен. Моңғолдардан бақыт деген не деп шетелдің ұйымының бақыт зерттеушілері сұрағанда барлығы жарыса бақытты деп жауап берген екен.

Ақша жуушыларға салдырған қарызды, түтінге толы Ұланбатыр қаласында барлығы бақытты деп айту адамгершіліктің дағдарысына ұшырағанының белгісі. Моңғол адамгершіліксіз болған екен.

Демократиялықтар демократиясын дағдарысқа ұшыратты. Демократиялықтар адамгершіліктің дағдарысын бастатты. Демократиялықтар Моңғолдарды адамгершіліксіз етті. Барлығы өтірік айтады. Дмпломдары жасанды. Атақ даңқтары өтірік. Сый сияпаттары өтірік. Шаған мерекесі де өтірік. Кепке кіргізген бауырсақтары да өтірік.

Саяси партиялардың қуыршақтары жазушылар, мамандықтың төменгі деңгейіндегі өнерпаздар атты білімсіз адамдардың бөлшегі, университеттердің шетел тілінде бірде бір кітап оқып көрмеген профессорлары, Ғылым Академиясының жалған докторлары, Тибет тілінде бірде бір сөйлем айтып шыдамайтын ламалар, қарыз бен банкны экономика деп түсініп жүрген экономистер, олигархия деңгейіне барған үлкен басты ламалар, саяси партиялардан кем түспейтін халықтың миын айналдыратын қараңғы сенімдегілер осының барлығы қоғамнан төмен деңгейдегі адамдардың өкілдері.

90шы жылдары жаңа заманды тұрпайылықпен жабайылықпен тоқтатып қараңғы сенімдену, қарызға бату, қарызға ұсталу саяси ойындар басталған. 90шы жылдардан кейін мамандық жойылғандықтан Моңғолдар 21ші ғасырмен мамандықсыз кездескен. Өмірге деген мақсатсыз, өмірге деген ұйымдасытыру жоқ, өмірдің мән мағынасы жоғалып ешкім емес болып қалғандықтан көптеген адамдар демократия жылдарында өздеріне қол жұмсап жанын қиып кейбірі араққа түсіп өлген. Көп жүздеп шетелге қарай босқындаған. Моңғолдар расымен аянышты және өте аңқау болып келген екен.

Моңғолдар бір бірін көре алмай қызғанып өшігіп келген көптеген жүз жылдық тарихи қайғылар бүгін де жалғасуда. Ру айтады,шыққан тек айтады, мекен айтады ендеше ешкім де отан жайлы айтпайды ешкім де ұлт айтпайды бірақ шыққан тек көп айтады.

Моңғолдарды шапансыз кезінде шүберекті етіп бергенін Қытайдар біледі, Моңғолдар манты мен хушурсыз кезінде тамақты етіп бергенін Қытайлар біледі. Қытайлар білетін. Бірақ Орыстар Моңғолдарды осындай деп елестеткен жоқ.

Орыстар Моңғолдарды аурудан құқтқарып ұзақ жасайтын еткен. Орыстар Моңғолдарды сауатсыз ешкім емес кезінде сауаттылыққа үйретіп мектепті, мәдениетті адам еткен. Бірақ Орыстарды мазақ етіп қуып шығарды ғой.

Моңғолдарды киіз үй ішінде түтінге қақалып отырғанда Орыс, Қытай екеуі пеш пен кернайлы етіп жылытып түтіннен айырған. Енді қайтадан Орыс, Қытай екеуі Моңғолдарды түтіннен  құтқаратын сияқты ғой. Американдықтар бізді түтіннен құтқарған тарих жоқ. Европалықтар бізді сауатты еткен тарих жоқ. Бірақ алтын алмақшы болып олар келіп жүрген. Жердің сирек металдарын алу үшін де келуді қатты ұнатады.

Демократияны дағдарысқа ұшыратқыштар Қытайдын да Орыстан да кешірім сұрауға тиіс. Моңғолдар адамгершіліктің қарызына да батқан екен. Моңғолдар адамгершілікті қашан үйренеді?

Наурыз 1, 2016

Molorerdene






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021