Мына заманда қандай да жарды өзге кіммен де айырбастау мүмкін болды ғой

Jan 25, 2021


Бүгінгі күні қандай да жарды өзге кіммен де айырбастау мүмкін болды ғой

Жұптар ажырасып қосылуы оп оңай сияқты отбасы да оп оңай ажырасып қосылатын мысалдар көп. Бірден ант пен Құдай алдында ант берген адамгершілікке негізделмеген үйлену той жасау және үйленулер тек қана жеке бастық қызығушылар болғандықтан ажырасу да қызығушылықпен жүрілетінін мысалға алуға болады. Құдайлы елдерде үйлену үшін Құдайдың алдында ант су ішіп бір біріне жүзік тағып береді. Ондай елдерде ажырасу оңай шаруа емес. Бүгінгі күні отбасының бостандығы жайлы айтуға тиісті болған уақытта ата апаның кезінің мақал мәтелдереі күшін жойған екен. Әке шешенің айтатын өмір тәжірибесі де орындалмайды себебі артта қалған екен. Дос жаранның ақыл кеңестері көмек болғаннан гөрі бөгет болады. Ар жағынан басқа жазылған немесе тағдыр айтудың қажеті шамалы. Адамдардың жазған қажетті қажетсіз төрт жолдары өлең шумақтары немесе поезиясы тақпақ атты төменгі деңгейдің сөздердің жинағы жаңа заманнан алыс қалған екен.

21ші ғасырдың отбасы туралы ұғым су жаңа азаматтық және қоғамдықты талап ететін болған екен. Оған Моңғол адам дайын емес көрінеді. Себебі бірден шығарған жаңа заманын кәрілер жойып шетелден жаңа заман әкелетін қабылетсіз жастарға толған ескішіл артта қалған тек қана сөзбен ғана ойнайтын ештеңе жасап шығармайтын еңбектің емес көпшілік уақытты жаулаған екен. Бүгінгі күн тек қана мақал мәтел тақпақ поезия артта қалған емес және де саяси партиялар, үкіметтік саясат, білім кітабы туындылар және де жоғарғы оқу орындары артта қалған. Демократия атты соңғы 20 шақты жылдардың саясаткер, үкіметтік министр, елбасы, министрден тартып доктор профессор аттылар және де үкіметтің көптеген орден медаль сый сияпатын алғандар мен ресми жұмыстағылар артта қалып мән мағынасын жоғалтып ешқандай мақсатсыз қалпында. Ол түгіл наадам мен шаған мерекесіне дейін Ұланбатыр қаласына сәйкеспейді өте тұрпайы уақыттан алыстап қалған күлкілі сайқымазақтардың тобы болған екен. Профессор атақты адамдар Нарантуул базарының саудагерлерінен ешқандай айырмашылғы жоқ оқып үйренгендері шамалы деуге боларлықтай. Неліктен айырмашылығы жоқ дегенде профессор деп жүрген адамдар көбінесе жалған білім теріс ғылыммен атақ даңқты болып алған. Олар поезия құр өлең қалып қалған ертегі аңызын ғылым біліммен ауыстырып тастайтынын мысал етуге болады.

Нарантуул базарының саудагері ақша төлеп доктор болғысы келсе өте оңай болу мүмкіндікте. Отбасының бостандығы жайлы айту деген әйелінің бостандығы, күйеуінің бостандығы және де балаларының бостандығы жайлы айту деген сөз. Әйелі білімді болып қоғамданса қаншалықты бостандықта бол алады деген сұрақ туындайды. Күйеуі қаншалықты бостандықта және де отбасына қаншалықты беделді айтатын сөз көрсететін білімді адамгершілікті деген сұрақтар қойылатынын мысалға алуға болады. Баласы сабағына зейін қойып оқып оқуы мен тәртібі деген сияқты адамгершіліктің сипаттарын иемдену бостандығы қаншалықты және де әке шешесіне тәуелді емес маман таңдау мен кіммен бірігіп өмір сүретінін таңдайтын бостандықта ма деген сияқты көптеген істерді сұрайтын мүмкіндікте деуге болады. Отбасы дегеннен гөрі үйіші деп айтса балалы жұптарға артығырақ сәйкесетін сияқты. Отбастарың неше адам деп сұрағаннан гөрі кісі саны қанша деп сұрайды. Социализм кезінде алғаш рет пайда болған отбасы деген ұғым халықаралық «фамилия» деген теорияны аударған болатын. Әрине алғаш рет отбасы деген ұғыммен танысқан Моңғол адамның таңқалысы көбірек адасу әкелген.Топ тобымен киіз үйде жағалап ұйықтайтын Моңғол адам кенеттен пәтер үйге кіріп ұйықтайтын бөлме, қонақ бөлме, тамақ жасайтын бөлек бөлме деген сияқты және де тазалық бөлмесі, ыстық суға түсетін мүмкіндік деген сияқты 70ке де жетпейтін жыл бұрын келген социалистік өмір Моңғол адамға бүгінгі күні мән мағынасын жоғалтқан екен.

 «Фамилияның есімі» деген шетелдік ұғым отбасының есімі немесе отбасы қандай есіммен көпшілікке танылады деген ұғым. Бірден Моңғол адам отбасының ұйымдастыруына социализм кезінде ғана кіргендіктен алғашқы кезде отбасының есімін әкенің атымен атап бастаған. Осыдан ғана фамилияң кім дегенде әкесінің есімін айтатын болған. Әрине әкесіз балалар шешесінің атымен бір сөзбен айтқанда анасының есімімен атала бастаған. Осылайша отбасы деген су жаңа ұғым Моңғол адамның дәрежесеін жоғарыға көтеріп бостандық әкелген болса дағы демократия кезінде отбасы ұғымы жойылып фамилияның есімді Моңғол адам пайда болған. Туыс туған немесе мекендіктерімен бірігіп ру болып ерте замандағы артта қалған ескі өмірдің сипаты мен руларына қайтып келді ғой. Соңында бір ананың балаларына дейін бөлек рулы болып сайқымазақ оқиғалар бүкіл қоғамды жаулаған. Сондықтан ананың руы да күшін жойған екен.

Бүгінгі күн қоғам емес, ұлт емес тек қана рулардың жинағы болған екен. Индиан руымен бірдей рулар пайда болып рудың басшысына дейін пайда болған екен. Осылайша жаңа заман өзгеше айтқанда келешек жойылған. Бүгінгі күн отбасына жолығып жатқан әсіресе жас отбастарына қысымды артта қалған дәстүр атты келеке мен ешқайда жоқ тұрпайы стильдер жастар өздерін құтқарып алыстап жеке басының бостандығын иемдену еркінідігін талап етеді. Түрме сияқты салт дәстүрлер қараңғы сенім мен жалғасқан дәстүрлер отбасының таза тұрақтануын мүмкіндіксіз еткен екен. Отбасы бостандықты болып шыдаса жеке бостандығын отбасы ішінде артығырақ қолдану мүмкіндігі бар.

Ендеше бүгінгі күн отбасының сыртқы және ішкі бостандығы қандай еді. Таза махаббатпен тұратын жұптардың біріккен бір бірін сүйетін сол тарих аңыз 300дей жылдық тарихты деп айтады және Моңғолдар осы махаббатқа сүйеніп жұп болған тарих мүмкіндігі тек социализм кезінде кіріп келген Орыс пен Шығыс Европаның мәдениеттерінен пайда болған екен. «Мен сені сүйемін» деген кезең тек қана 50ші жылдардан шетелдің мәдениеті кіріп келгенде басталған. Одан бұрын «Мен» деген ұғым көшпенді халықта болмады. Біздікі сендердікі деген кйіз үйде топ тобымен өмір сүріп таңертеңнен кешке дейін күнмен жарысып мал малдану шаруашылығы онша еркіндікті емес тарихты. Айланып келгенде махаббат деген қоғамның бағалы заты дегенді адамдар түсінбеді.

Ең алғашқы отбасының бостандығы Ұланбатырда салынған Неке сарайынан басталған. Неке сарайының ұғымы Орыс пен Европаның Христиан дінінің елдерінен кіріп келген. Жұптардың жүзігі Құдай алдында ант су ішетін шынжырлы байланыс қой. Бірден Құдай алдында ант бергендіктен ажырасқанда адамгершіліктің өте үлкен қиындығы туады. Ендеше Құдай алдында ант береді деген ұғымсыз Моңғол отбасылар ажырасқанда еш мәселесіз болады. Неке сарайы алғаш орнағанда қоғам бір сөзбен айтқанда мемлекет дамығанда отбасы мен оның ар жағында көптеген бала шағалар қажет деген мақсатты. Соған байланысты социализм кезінде көп балалы отбасылар ажырасқанда қоғам алдындағы жауапкершілік мәселесі айтылып ажырасып тайып тұратын еркектерге әкенің жауапкершілігі артылатын.

Бүгінгі күн отбасының бостандығын айту уақыт мәселесі. Себебі отбасы болып жүрген қоғам мәселесі анық емес қалпында. Бірден социализм жоқ болғандықтан Неке сарайының алғашқы мақсаты күшін жойған. Ендеше бүгінгі күн Моңғол адамдар үйлену немесе ажыраспақ болса ештеңеге де байланыссыз ештеңеге тәуелсіз ештеңенің алдында кінәлі емес. Ешкімге де өкініш білдіріп кешірім сұрау сондай құдайлық адамгершіліктің мөлшері де жоқ қой. Тек қана қоғамданған және азаматтанып шыдаған кішкене кемжоқ әке шешелі болған әйелі мен күйеулері ажырасқанда адамгершілікті ардақтап өкініп бала шағасының алдында жауапкершілікті қалпында қалады. Соңғы 20 шақты жыл ішінде отбасының көбінің араларына жарықшақ түсіп өзгеріс жүріліп атайтын атаусыз болып соңында отбасының зорлығы немесе феминизм дей ме ау еш сәйкессіз түсінілмейтін атаулар шығып келген деген сияқты. Алдымен Германия одан кейін Орыс елінде 20шы ғасырлардың басында пайда болған феминизм туралы түсінік болғанда еңбек жұмысты маманды білімді еркектерге қарсы әйелдердің дәрменсіз жағдайларынан шықпақшы болған күрестеріне негізделген. Әйелдерді еркектермен бірдей бостандықта ету үшін ең алдымен балабақшаларды "Kindergarten" деген атпен орнатқан екен. Бұл неміс сөзі ағылшын тілді елдерде аударылмай қолданылады.

Моңғол адамдардың феминизм туралы түсінігі теріс жүріліп жүргенінің себебі Европада әйелдер өте жоғарғы деңгейдегі күйеулеріне қарсы күресіп дәрменсіз жағдайларынан құтылып бірдей еркіндікте болған болса Моңғол әйелдер өздерінен төменгі деңгейдегі күйеулеріне қарсы қайшыласып күйеулерін дәрменсіз жағдайларынан шығару үшін бар күшін жұмсайды. Көбінесе бұл күрес сәтсіздікке ұшырайды. Себебі еркектер қорқақ қулық сұмдықты шыншыл әділ емес болғандықтан әйелдер бір болса тезірек ажырасып немесе қайтіп болса да күйеулерін жандарына алып жүру мәселесі шығады. Осындай оғаш жағдайға түскендерін Моңғол әйелдер феминизм деп атайды.Әйелдер өте басым болған бұл ерекше жағдай ішінде еркектер дәрменсіз қалпында ұсақ түйек іспен ғана айналысып күн өткізеді. Олардың жалғыз қолдарынан келетіні машина мініп немесе ана жер мына жерде кездесуді немесе жиналыста отырмын деп ештеңе істемей уақыт өткізеді. Еркектерде тілек талпыныс пен нағыз жігер жетіспейді. Осындай дәрменсіз өмірлік стильдерін түсінбей өздері шешім шығарып өздері мәселелерін жеңіп шығудан қашып Далай ламаға немесе қараңғы сенімді көріпкелдігі бар адамдарға жүгірісіп жүрген жағдайлар Моңғолдың көрінісі болған екен. Осындай кезде қаншалықты еркекті мақтап ән айтып өлең шығарып және де әшекейлеп  әдемілеп ана мына жийп машиналар алып беріп мінгізу деген сияқтылар жағдайды тіпті ушықтырады.

Бүгінгі күн қандай да еркекті басқа кіммен де ауыстыра салу мүмкіндігі бар болды ғой. Бірден барлығы бір бірінен айырмасы жоқ болғандықтан жалғыз басты әйелдер жалғыз өмір сүруге шешім шығаратын сияқты. Осы себептен ғана әйелдер отбасына ие болатын қажеттілік шыққан. Интеллигенттер пайда болатын мүмкіндік жоқ болғандықтан еркектер барлығы бірдей. Еркектердің білімі жойылған. Жақсы көретін тамағын немесе киген киім және де хобби атты жалқаулық әкелген бәсекелі ойындар мен аңға шығу ғана басым болған екен. Моңғол отбасының дағдарысы Моңғол еркектердің дағдарысынан пайда болған. Ешқайда да жоқ сол үлгі боларлық еркектерді өлең мен әндерінде ғана құр айтып көңілсізденеді. Әке туралы әндер де уақыттан қалып қалған екен. Білім деңгейі мемлекет бойынша төменгі деңгейге жеткендіктен осы кезгі еркектердің ішінде элит болатындай жоғарғы деңгейде сөйлеп адамның білмейтінін үйреніп біліммен шөлін қандырған адамдар жоқ барлығы білім жетіспеушілігінде. Тек қана ресми жұмыс пен алған сыйлық медалдарымен ажыратылатын ғана еркек адамдардың елі болған екенбіз.

Еркектер "everybody" немесе ешкімнен де айырмашылықсыз болып "somebody" немесе кімдекім болып шыдамады. Арықарай да жақсаратын сипат көрінбей тұр. Кімді кіммен де айырбастау сондай бірдей біраз ғана біліп үйренгені бар болғандықтан бастығынан жұмысшысында айырмашылық жоқ және де министрден студент жастардың айырмашылығы жоқ болуы толық мүмкін. Бүгінгі күн қиындықта болған жұмыс еңбек жойылса да барлық нәрсе той томалақ покер қасқырға барып аңға шығып қуанып ана жер мына жерге ақша мүлік тығып басып сонымен қатар құрдан құр жастық шағын саясатпен алысып өткізетін еркектер отбасын қайтіп те алып жүре алмайды. Еркектердің дағдарысына ұшыраған мына заман отбасының бостандығын айтқанды қойып отбасының жетіспеушілігі пайда болған екен. Қаншалықты денесі үлкен бұлшық сіңір қатайған болса да ғылым білімнің жетіспеушілігі бар ақыл ойдың дамысы жүрілу мүмкіндіксіз болған еркектер қалай отбасының құрметті отағасы балалардың құрметті әкесі бола алар дейсің.

Бағалы зат жойылып сайқымазақ ұятсыз қулық сұмдықтар басым болған дінсіз ламаларға толған тек қана Моңғолда жүрілетін осындай жағдайда нағыз отбасы жайлы айту мүмкіндіксіз сияқты. Себебі осы заманда бір сөзбен айтқанда 21ші ғасырға сәйкескен тәрбие мен білім жұмыстары құралып шыдамаған. Сонымен қатар бала үйрету мақсаттағы оқулықтар жойылған. Саналы еңбек жұмысы пайда болуы мемлекет пен үкіметтің ешқандай саясаты жоқ көрінеді. Кадр бөлімі атпен есік алдында отыратын қыздарды іздеген босстан тартып бастық атты білімсіз еркектер барлық мемлекетті дамып жоғарылайтын мүмкіндіксіз етуде. Маңызды шешім шығарып келешектің Моңғолын жоспарлау қабылетті еркек адамдар жоқ.

Американың Харвардның дипломдарынан бастап керемет әдемі дипломдары бар жастар ана жер мына жерлерде мақтанады. Бірақ нақты үйреніп біліп келген жоғарғы білімді еркектер әттең жоқ. Ептеп кетіп өтірік оқып өтірік қайтып келген екен. Американың Харвардсында оқып Ағылшын тілді болған деген адамдардан жоқ дегенде бір роман Ағылшын тілінде оқыдың ба деп сұрағанда бір де бір сөзбен жауап бере алмайтын бір қарап алып жалт етіп қашып кетеді. Ештеңе етпес енді оқып алса да болады ғой деп айтсаң да құлағына асқанды қойған көрінеді. Қай қайда да ұнаған жерлеріне тайып тұратын ала аттар. Отбасы ерекетердің дағдарысына ұшыраған бұл жағдай тарихи себепті. Тек қана социализм кезінде еркек адам немесе үйдің бастығы деген ұғым шығып келген. Одан бұрын отбасы деген ұғым жоқ неке сарайы туралы елес те жоқ болды ғой. Моңғол адамдарға қоғамның алдында жауапкершілікті еркек адам бір сөзбен айтқанда әкелік жайлы ұғым болмады. Құда түсу байлап әкету деген сияқты отбасының емес рудың және туған жердің секілді жас адамдарды бір үйге кіргізетін салт дәстүр 20шы ғасырда дағдарысқа ұшыраған.

Ерте заманда мекен мен жайылымға байланысты балаларыне ерте құда түсіп үйлендіретін болған және қараша атты мал бағып малшы сипатты адамдар өзара төсек біріктіріп бір біріне сүйеу болып сол кезең бүгін келбетін өзгерткен болса да кей адамдардың арасында қалпында қалған екен. Адам қажетсіз, ақша қажет деген социализмнен кейінгі өмірдің стилі ақыл ойдың төменгі деңгейіне Моңғол адамды кіргізген екен. Құрметті емес еркектер теледидардан ғана өздерін құр мақтағаннан басқа көрсететін іссіз болған екен. Көпшіліктің алдында жылайтын еркектерді көргенде шынымен де отбасылар еркектердің дағдарысына ұшыраған екен. Социализм деген бөлек бір нәрсе болмады ғой. Моңғол адамдардың біріккен өмірінің стилін ғана социализм деп атайтын. Ендеше социализмнің ерекшелігі маманды Моңғол адамдардың бірліктегі өмірі болған. Әлемнің ғылым білімінен неше жүз жыл бұрын артта қалған Моңғол адам жаңа өмірмен кездесіп отбасы деген ұғыммен алғаш танысып ескі салт дәстүрлі өмірден құтылған. Социализм кезінде үйдің күйеуі де әйелі де бірдей инженер, дәрігер, мұғалім деген сияқты маманды болған. Күйеуі мен әйелі деген жаңа ұғыммен қатарласып бала деген жаңа ұғым да Моңғол адамға қиындық әкелген. Ат мінетін немесе мал бағатын бала кенеттен мектепте оқып білімді болып әке шешенің көрген тәжірибесі көрген білгені күшсіз болып бастағандықтан бала қоғамның жекеше мүшесі болған. Социализм кезінде дәл әке шешесімен бірдей таңертең ерте тұрып үйден жарыса шығып мектепке қарай кететін тәуелсіз баланың ұғымы су жаңа болды.

Осы керемет балалар соңында кәмелет жасына толғаннан кейін демократияны тұмандатып білім мен қабылеттің жетіспеушілігінен құтқарды ғой. Бала деген ұғым жаңадан пайда болған социализм кезінде әйелі, күйеуі, баласы үшеуі бостандықта болып шыдаған. Себебі баланы қоғамға арнап тәрбиелегені болмаса тек қана отбасына арнап өзгеше айтқанда бүгінгі күндегі сияқты әке шешелер өздеріне арнап өсіріп тәрбиелемеген. Бала бүгінгі күн жеке меншік смяқты болып қалған. Осылайша әкенің сөзімен өмір сүретін ұлдар көбейіп шешесінің айтқанымен жүретін қыздар жабық байлаулы оғаш стильдер жаңадан пайда болған екен. Баққа жарай дұрыс көңілді әкелердің ұлы жақсы сезімді және де адамгершілікті шешелердің қыздары ғана отбасы жайлы ұстанымды болғанын айтуға болады. Ақшаның отбасылары керісінше балаларын адам етпей адам емес етіп жүргенін айтуға болады.

Социализм кезінде алғаш рет тек қана өзінің әйелімен немесе күйеуімен өмір сүру сол ұғым алғашқы кезде қиын болған. Қырдан келген әке шешесін бірге өмір сүргізу талап алғашынан ақ Моңғолдарға нағыз отбасы деген ұғымды алып келе алмағандықтан адам саны деген ұғымға тоқтады ма екен. Ерте заманда ұлының әйелін өзге адамның баласын тауып қоймасын деп бірге өмір сүріп күзететін. Ендеше қызының күйеуін сыртқа албаты қаңғытпас үшін шешелер де бірге өмір сүретіндіктен қайын деген ұғым алғашынан ақ жақсы ат әкелмеген сияқты. Бүгінгі күні шет елдерде отбасын құрғаннан көп адам бас тартып жалғыз өмір сүретін кино фильмдер көптеп шығады. Себебі олар сол орасан жауапкершіліктен бас тартып Құдай алдында ант су бергеннен қорқады. Егер отбасы болды дегенде ажырасу деген орасан үлкен адамгершіліктің мәселесі шығып келетіндіктен алғашынан ақ үйлену тойын жасағанда көптеген істерді келіседі.

Социализм кезінде «Жұбай» атты фильм шығып Моңғол адамдарға жас адамдар деген кімдер деген жаңа заманның ұғымын көрсеткен болатын. Қырдан келген әкесінің салт дәстүрлі жас отбасы тарыспай ажырасуға дейін барады. Осы екі жұптың досы фотосуретші әйел болғанда тіпті жаңа замандық стильді. Ол дос әйел жалғыз өмір сүретін және де жеке автокөлігі бар. Бүгінгі күн жас деген ұғым жойылған көрінеді. Кәрілерге қарағанда жас адамдар ескішіл болып қараңғы сенімге оңай құмарланатын болған екен. Себебі кітап оқымайды,миын дамытпайды өтірік оқып өтірік айтумен барлық жас кезең білімнің дағдарысына ұшырағандықтан жас отбасылардың келешегі бұлтты тұманды көрінеді. Тек қана секс істеу отбасының кепілдігі емес және де секс арқылы отбасы болу арықарай ұзаққа бармайды. Махаббат деген бағалы затты ұмытуға болмайды.

Molorerdene

"Хань" туралы фильм






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021