Ғылым академиясын жоюға болады бірақ ғылым білімді жоюға болмайды

Jan 25, 2021


Ғылым академиясын жоюға болады бірақ ғылым білімді жоюға болмайды

Ғылым академиясын университетттермен біріктіру лақабы сыртқа әлдеқашан тараған екен. Ғылым туралы әңгімелесу жап жақсы мүмкіндікті пайдаланып жалпылай «Моңғол адам және білім» деген үнемі жазатын мазмұнымды осы жерде қайтадан өткірлеп жазуды мақсат еттім. Оқырман сіздер бөлісіңіздер.

Адамзаттың білімінің шыңы болған ғылым деп біздің аударатын “science” деген ұғыммен Моңғол адам 1940шы жылдары танысып оның нәтижесін көріп қараңғы сенім, сарының дінінен құтылып ғажайыпты артқа тастап таңғажайыптарды далаға тастап шыдаған еді.

Бірақ бүгінгі күн неліктен Моңғол адам қайтадан қараңғы сенімге басын айналдырып мектеп залынан бастап неше жүз адам сиятын үлкен үлкен залдарға топтасып алып дені сау емес адамдардың сөзіне сеніп әмияны мен сумкаларын ауаға айналдырып ақша шақырып жүр? Энергия деп теріс сөйлеп жарық дене деп бірін бірі лампа сияқты жарықтайды деп келеке етуге жақын қалды. Әке шешелер неліктен адамгершіліктің төменгі деңгейіне жетіп ұл қыздарын қараңғы сенімділердің құрбаны етіп ламаның ойыншығы етеді? Неліктен бала шағасын ғылым білімнен алыс етті? Мұның барлығына кім кінәлі?

Үкімет пен дінді әрең дегенде бөліп 1940шы жылдан 1990шы жылға дейін табысты болған бола тұра 90шы жылдан кейін неліктен дін үкіметпен араласып кетті? Мінгеннен бастап қисық дегендей ламаға дейін үкіметке кіріп министр болатын болған екен. Министрлер қараңғы сенімдену жай бір іс. Осылай үкіметті былықтырған министрлерді қайту қажет?

Жоғарғы оқу орындарының кабинеттеріне ламалар толып салалардың профессорларының бөлмелеріне Далай ламаның фотосуреттеріне дейін жоғары ілініп инь ілімі жайлы айтып жынданып Англия, Америкада оқып келді деген жастар неге әке шешесіне еріп еліктеп қоқыстанады? Білім келеке болып жоғарғы оқу орындарында Тибет тілін үйрету қалыпты жағдай болған екен.

Ғылым білім академиясы да Гандан шіркеуі де тек қана ұйымдар. Бірақ ғылымды алып жүре алмаған Ғылым білім академиясы жаза қабылдауы қажет. Жаза да уақытын тауып келді. Сонымен бірдей Гандан да буддизм деген адамзаттың туындысын қалай аяққа таптап бұрғаны үшін жаза қабылдауға тиіс.

Неліктен 21ші ғасырда Моңғол адам бақсыға табынып, ламаға келеке болып, қадақпен байлаған ана ағашын күн мен жел көрсетпей өлтіре береді? Неліктен Моңғол адам ғылыммен жалғасып білімді болып шыдамай орта ғасырға қайтадан лақтырылды? Неліктен Моңғол адам бүгінгі күн жоғарғы, төменгі саты айтып саясаткерлер жапырыла төре мен феодалдар болып кетті?

Осы барлық ақымақтықтың арғы иесі білімді Моңғол отбасының үйіне кіргізіп шыдамай айлық жалақы, атақ даңққа басылған Ғылым академиясының докторы, профессор, құрметті академиктен бастап Ғылым академиясының президенттері ғой. Беттің арын белбеуге түйеді дегені болып жатыр ғой.

Ғылым академиясын жоюға болады. Тек қана ғылым білім жойылуға еш болмайды. Ғылым жойылса Моңғол адам шетелдің ақша жуушылары мен іштің қараңғы сенімдегілердің ойыншығы болып ақыл ойдың төмінгі деңгейіне кіріп ең бер жағы адамның құқығы орындалмаған қалпында қалады ғой.

Бүгінге дейін Ғылым академиясы неліктен Негізгі заң сотына Бат-Отгоннан бастап Сарандавааға дейінгі ғылымды келеке етіп қараңғы сенімді таратып гүлдендіріп жүрген адамдарды жаза қолдануға бермеді? Әлде Ғылым академиясы өзі де бақсы, қараңғы сенімдегілерден қорқып жүрген жоқ шығар.

Ғылым академиясы Гандан шіркеуіне жеңілген деп мен өзім өткен жылғы көктемде Ғылым білім академиясының президенті мәртебелі адамға тура айтқаным әлі есімде. Ол маған еш жауап бере алмай аузынан ұрылғандай аңырып отырып қалған еді.

Неліктен Ғылым академиясы Гандан шіркеуіне жеңілді? Себебі білімді көпшіліктің несібесі етіп шыдамай міндетін ұмытып бай салтанатты өмірге қарай жапырылды ғой. Бүгінге дейінгі уақытта Ғылым академиясының үстінен ресми адамдар қаншама ақша жоба атымен алып жегенін тексеру қажет.

Неліктен ғылым білім Моңғол адамға қажет дегенде ғылым дегеніміз мемлекеттің жоғарғы құрылымына жатады. Жоғарғы құрылымға жол логистик, экономика, банк қаражат, мал шаруашылығы, егіншілік, өндіріс жатады да халықтың өмір жағдайын кепілдендіреді. Ендеше ең жоғарғы құрылым болғанда ғылым, өнер, үкімет деп адамның ақыл ой өмірін демеп мәдениеттеніп азаматтанып қоғамдануға көмек болу мақсатты.

Моңғолдарға тек қана жоғарғы құрылымымен жағаласып ең жоғарғы құрылымын тұрғызып шыдамай жүре келе демократияның 20 шақты жылын артқа қалдырдық. Тек қана Ғылым академиясы қараңғы сенімденген жоқ және қараңғы сенімденіп қайда болса да ақыл ойдың төменгі деңгейінде өнер жүріліп ең білімсіз адамдар жазушылардан тартып актерге дейін  қараңғы сенімденген екен. Үкімет те қараңғы сенімденіп үкімет үйінің астыңғы қабатына от жақты. Олардың кейбірі таудың басына қадақ байлап халқын білімге емес таудың тасына дейін тапсырып өте мөте қараңғы сенімденді ғой.

Айланып келгенде білім дегеніміз ең маңызды адамның құқығы. Моңғол адамды білімді етуге арналған білімнің барлық ұйымдары осы құқықты ұстанбағалы көп жылдар өтті. Білім дегеніміз сұраныс пен ұсыныс емес үкіметтің міндеті мен тапсырысы болуға тиіс. Ғылым білім Моңғол адамды бостандықта етеді. Өзге ештеңе де емес. Білімсіз Моңғол адам үнемі өзгенің құлы құрбаны болғаннан басқа қайтеді.

Ғылым академиясының жойылуы адамды білімді болғызу құқығын ұстанбағанның кесірі ғой. Негізгі заң соты Ұланбатырдың өмірін қараңғы сенімдендірген еркек әйел адамдарды алып сөйлесіп адамгершіліктің сотымен шешетін уақыт жетті.

Қараңғы сенімдегілерден бастап лама бақсы балгерге дейін жеке өмірінде қандай да табынушылығы бар болуға болады. Бұл адамның құқығы. Бірақ өзгені алдап арбап жалған ант беріп қулық сұмдық шығару қылмыс. Ол түгіл қараңғы сенімдегілер көптеп бірігіп халықты алдап арбап жүргені тіпті топтасып бірігіп істеп жүргендері ұйымдастырылған қылмыс қой. Қоғамды қауіптен сақтау үшін ішке орасан көп істер жасау қажет болған екен.

Моңғолдар моңғолдарды ақ былықтырып жүр ғой. Оның себебі Негізгі заң соты жұмысын істемей жүргендегісі.

Адамзат білімді пайда болдырып шыдағаны арқылы құстан тез ұшатын ұшақ ойлап тапқан. Білімді көпшіліктің несібесі етіп шыдағаны арқылы адамзат барыс сілеусіннен де тез шауып шыдайтын автокөлік ойлап тапқан.

Бірақ Моңғол адам білімнің жақсысын алып ауыз тиіп те шыдаған жоқ. Жазда наадам мерекесі болғанда үлкен үлкен жийпі барлар ат мінген бала шағаларын шаптырып әлемнің мазағы болады да. Білімді осылай түсініп қолданатын Моңғол адам 21ші ғасырға келіп шыдамады. Жийпі үлкен болса да ақылы кішкентай қалпында қалды.

Моңғол адамның ақылы кішкентай қалпында қалатын барлық жағдайды Ғылым академиясы қоздырып дамытатын емес керісінше қараңғы сенімденетін ақыл етіп тастады. Ұланбатырға толы академиктер. Олар не істейді? Олар жалғыз мақсатты. Ол Моңғол адамның миын жетесіздікке жеткізу.

Моңғол адам доктор, профессор, академик даңқ демей ақылдың дамысының дағдарысты болған екен.

Ақыл мүмкіндігінің шектеулі болған Моңғол адамды құтқаруға Ғылым академиясын құтқару емес ғылым білімді құтқаруға тиіс дегенді біз ешқашан ұмытпауымыз қажет. Шет елдерде ғылым жасап жүрген келешек жас кезең Моңғол елінің жақсы болуын күтіп отырмай ертең ақ жетіп келіп ғылымды құтқаратын әрекетке кірісуіне үгіттеймін.

12 ші ай 28, 2014

 

Molorerdene

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021