“Қараңғы сенім” жеңіп “Білім”жеңілді ме? №1: Қоғам өте қиын шешімнің алдына келді

Jan 25, 2021


"Қараңғы сенім” жеңіп “Білім”жеңілді ме? №1: Қоғам өте қиын шешімнің алдына келді

Моңғол адамның өмір сүріп жұмыстап жүрген осы қоғамы бүгінгі күні мүмкін ең сынды күрделі кезеңге келді ме екен. Моңғол адамдар қараңғы сенімге сеніп миларын айналдыртып алдыңғы өмірін жоққа шығара ма немесе білімге сенімін беріп өмірінің негізі ете ме?

Неліктен моңғол адам білімге сенімсіздікпен қарайтын болды? Шындықты айтып дұрысты үйретіп жақсыны оқытып мақсаттағы білім қалайша Моңғол елінде сәтсіздікке ұшырады?

Моңғол адамның айтуынша білім қараңғы сенімге жеңілді дерліктей. Бірақ адамзаттың білімі қараңғы сенімге де жеңілген жоқ дінге де жеңілген жоқ. Себебі білім дегеніміз білу мен адамгершілік деген екі маңызды ұғымды алып жүреді. Білім діннен де қараңғы сенімнен де жоғары. Білім дінді шектейді. Себебі қараңғы сенімде адамгершілік жоқ.

Моңғол адам бүгінгі күні қалайша білімге деген сенімін жоғалтқанының себепкері белгілі адамдар және белгілі ұйымдар. 90шы жылдары көп жүздеген мұғалімдерді жұмыстан босатып мектептерді білімнен алыстатып сұраныс пен ұсыныстың мекені болғызған. Осылайша бала шағасын нарықтың тозағына тастады ғой. Сонымен қатар университеттер жалған доктор профессорларды көптеп өндіре бастаған. Оыслайша білімсіз адамгершіліксіз адамдарға толып қараңғы сенімнің жемі болған.

Адамзаттың нағыз білімін қоғамға таратуға тиісті Ғылым академиясы жоба жазып ақша табатын ұйым болып өзгерген. Ғалым деген жалған сөз білім деген сөзді жойған. Білмесе білімсіз. Тек қана ғылым мемелекеттің дамысына жеткіліксіз. Білім қажет. Ғылым ол адамгершіліктің мәселесі. Ғылым білім екеуі біріккенде ғана білім болады.

Ғылым академиясы мен Моңғолдың ұлттық университеті деген ұйымдарының тарихшысы, жазушы, мәдениет пен дәстүр зерттеуші деген сияқты көптеген адамдар қараңғы сенімнің иелері болып оларға қосылып іш пен сырттың шіркеу ұйымдары қосылған. Олар адамгершілікті емес қараңғы сенім таратып сиқырлықпен адастырып кереметтің иелері жазылған тағдыр деп бүкіл қоғамды оқытушы атты профессор және лама атты пайдақор екеуі қараңғы сенімнің ұясы еткен екен.

Қараңғы сенімге нәр беруші әлгі инь ілімі, аура, энергия, медитация барлығы біріге келе білім жеңілмей де қайтеді. Оған үкімет үйінің ішіне от жағып тау басына қадақ ұшырған саясаткерлер біріккенде тіпті Моңғол адам қайда барар дейсің. Сондықтан ақырғы баратын жері Тәртіп Соты болуға тиіс.

Моңғол адамды қараңғы сенімдегілер зат сияқты етіп бастаған соңғы 20 шақты жылда Негізгі заң кеңесі істеуге тиісті жұмысын істеп адамның құқығын қорғамады. Үкіметтікі делінетін адамдар қулық сұмдықтың жолымен адамдардың ақшасын топтасып алып жүрген адамдарды тіптен ушықтырып олардың кейбіріне үкіметтік сый сияпатқа дейін берген жағдайлар білімді жеңіліске ұшыратуға ерекше міндет атқарды.

Моңғол адам бүгінгі күн қараңғы сенімді таңдай ма немесе білімді таңдай ма деген сұраққа халық емес Негізгі заң жауап беруге тиіс. Егер де Негізгі заң соты қараңғы сенімді біліммен бірдей деңгейге апарып ұсыныс пен сұраныс атпен дұрыс салыстырмалы немесе білім міндетті түрде қажет пе деген  күмәнді жауаптар берсе жоғарғы оқу орындарын және он жылдық мектептердің қажеті бар ма?

Негізгі заң соты Моңғол адамды екі мүмкіндіктің алдына апара қоймайтын шығар. Білім деген жалғыз шешімді бұза қоймайтын шығар. Негізгі заң соты Моңғол адамдарға білім ғылымға қарай өзін жігерлікпен ашып адам сипатты болуға көмектесіп демеуге тиіс болғаны болмаса халықты қараңғы сенімге келеке еткізіп қоқысқа тастауға болмайды.

Біз осындай ғана деңгейге барған екенбіз ғой. Ендеше Негізгі заң соты не істеп жүр? Адамгершіліктің қажеті жоқ па? 100дей жыл бұрын Моңғол адам қараңғы сенімнен құтылып білімді таңдаған. Ендеше бүгін?

Әрине бүгінгі күні білімді келеке етіп жүрген адамдар ар жағында иелі атақты адамдарға байланысты. Ғылым академиясынан бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі білімнің ұйымдары білім деген нәрсені бүкіл қоғамға жеткізіп шыдамады. Жалған доктор және жалған профессорлар қараңғы сенімдегілерге мүмкіндік берген. Себебі олар өздері білімнің дәмін татпаған адамдар. Қараңғы сенімді доктор өтірік айтып тұрғанда мен қайтсем де болады деп ақша тауып жүрген адамдар атақты ұйымдар пайдалы жұмыстамай қайтсін. Бұл Ғылым академиясы мен Моңғолдың ұлттық университеті деген сияқты білім өндіріп білім таратуға тиісті ұйымдардың қателі теріс әрекеттерінің нәтижесі.

Сұраныс бар кезде ұсыныс болмай қайтеді деген адамды зат сияқты етіп жүрген Негізгі заңның адам құрметті бағалы зат деген ұғымын ұстанбай зат сияқты жансыз құр қылып жүргенінің белгісі. Бағалы адамды осылай қатыгездікпен пайдалануға бола ма? Негізгі заңмен қоғамның пайдасын жеке басының пайдасынан бұрын қоюға тиіс емес пе еді. Ешбір заң қоғамның пайдалы ісін қорғау үшін жасалады деп халықаралық заң құқығының теориясында көрсеткен болатын.

Қоғамның ауруы болған осы қара обаға шалынған әке шешелер қараңғы сенімденіп жас кезеңді бостандықсыз етіп жүргені Моңғолдардың әлгі адамның құқығы менің бостандығым деп теріс түсініп теріс қолданып не істесем де болады ешкім де маған ештеңе істей алмайды деген адамгершіліктің терең дағдарысының кепілі. Ешкім ештеңе істеуге болмайды өз еркімен кетуге болмайды деп айтып заңмен жазалауға тиісті Негізгі заң соты адамгершіліктің сотының жұмысын неге істемей жүр? Моңғол адамдарға Тәртіп Заңының Соты қажет болып отыр.

Әрине табыну жеке бастың мәселесі. Ендеше өзінің табынуын өзгеге итермелеп, үгіттеп, топтасып өзгені қараңғы сенімге шақырып зиян шектіріп, сананың зиянын шектіріп және де денеге апат жарақат ұшыратса қалай да ұсыныс пен сұраныс немесе жеке адамның бостындығын айтуға болмайды. Банкке ақшасын сақтатып жоғалтқан адам зиянын төлетеді. Ендеше ақыл ойдың жарақатына ұшыратқан қараңғы сенімдегілерге жаза болуға тиісті. Заң ұйымдары жазаламады дегенде Тәртіп Соты жазалауға тиіс.

Тәртіп Соты адамдардың қулық сұмдығы, құныққанын, мақтанып бөсу, жеке басын ойлау, атақ даңқ қуу деген сияқты адамдарды жазалап ақпарат құралдарымен жариялау деген халықаралық ең бергі адамгершіліктің мәселесі ғой.

Әлемнің қай елінде бірін бірі ұтып зиян шектіріп жатқанын дұрыс дейді? Әлемнің қай елінде әдейі өтірік айтып теріс түсінік таратып жүрген адамдарды мақтап сый сияпат көрсетеді? Әлемнің қай елінде теледидардан өзін мақтап білерменсіп құр сөз қуатын адамдарды ушықтырады?

Бүгінгі күні қоғамда шығып жүрген адамгершіліктің қайшылығы бар қателі істерді өз ойларымен ортаға салып өзара жанжалдасатын дәстүрлі болғалы 20дай жыл болған екен. Үйінде жанжалдасып көшеде бірін бірі келеке етіп жас кезең жалпылай кәрілермен тарыспай түсініспейді деген мақал мәтел сияқты адасулар қоғамды теріс бағытқа бағыттап жанжалдасу қарсыласу қалыпты жағдай деген оғаш дәстүрлі болған екенбіз.

Әрине осындай сын сағатты Моңғол адам тереңінен түсініп оған баға қорытынды беру сондай бір тарихи жағдай берілу мүмкіндік болмады. Моңғол адам тек қана 70ке жетпейтін жыл ішінде адамзаттың білім деген ұйымымен ресми танысқан. Барлық білім Батыстың өзгеше айтқанда Европа елдерінен келген. Сондықтан бүгін Моңғол адам ғылым білім жайлы айтса Батыс елдеріне барып және де Батыстан үйренуі қажет. Шығыс атты Тибет елінен ештеңе үйренбейді.

Моңғол адамға қоғам деген ұғым және де астана қала деген ұғым болмаған жағдай еш білмей жүрген жүз жүз жылдардың тарихы көрсетеді.

Адам білім алып шыдаса адам болады. Егер білім алып шыдамаса жануар қалпында қалады. Себебі адам туғанда құр ыдыс сияқты ақыл ойы санасы құр туады. Ақылды болу үшін ақыл деген ыдысты біліммен толтырмады дегенде ортасына дейін келтірсе орта білімді бола алады.

Моңғол адам бүгінгі күні қараңғы сенімнен құтылып білімге жету үшін ауыр шешімнің алдына келді. Осы шешім алдымен отбасы ішінде жүрілуге тиіс. Әке шеше бала шағаның ортасында,ата апа немере шөберенің ортасында шындықты анықтайтын сол шешім шығыратын кез келді. Кімдікі дұрыс кімдікі теріс екен? Білімдікі шын адамгершіліктікі дұрыс. Салыстырмалы деген жоқ.

Адамзаттың ресми білімінің ұйымы біріншіде жалпылай есіммен университет аударған есіммен жоғарғы оқу орны. Екінші білімнің үлкен саласы сайенс деген жалпылама сөз аударған сөзбен ғылым саласы. Осы екі жерде ғана білім деген пайда болып тексеріліп таралып қолданылып арықарай өндіріс сауда пайда болып ағартушылық тәрбие білім пайда болып келген екен.

Қараңғы сенім білім емес. Қараңғы сенімді жойып тастап халыққа бостандық тең құқық беру мақсатпен білім деген нәрсе алғаш 2500дей жыл бұрын философия саласында нақты білімді анықтаған. Сол кезден бастап адамзат нақты шындық іске ғана сену қажет ал еш нақты емес құр кімде кімнің сеніміне сену қауіпті ғой деп ескерткен. Сондықтан осы білім ғана пайда болғаннан бастап адамзат Гректен шыққан академия деген аттан бастап школа деген ұйымдарды орнатқан.

Академия дегенде жоғарғы кепілдікті білім жайлы айту ал школа дегенде білімді үйретіп оқытып түсіндіру мақсатты. Моңғолдар академия деген сөзді бүгінгі күн өте мөте теріс қолданып білімнің емес қараңғы сенімнің ұйымдардың билігіне берген екен. Бұл сөз бағасын жоғалтқан екен. Ендеше школа деген ерте заманғы үйретіп оқыту деген сөзді мектеп деген сөзбен аударған болса да тағы да жекеменшік мектептер орнағандықтан көпшіліктің немесе қоғамның игілігі үшін даяшылық жасау сол мақсаты жойылған. Жеке білім емес көпшіліктің білімі қажет.

Бүгінгі күні Моңғол адам кіші, орта мектеп, университет, ғылым, академия, философия деген сияқты адамзаттың ілім білімінің міндеті мен тапсырысты кепілді нақты білімнің салаларын елемей тастап баға жауапкершілік және де адамгершілікті жойып тастағандықтан қараңғы сенімге көпшілігі беріліп бүгінгі күні жол іздеген адамдар ғана болған екен. Бұл мәселемен мен ешқашан асыра сілтеп ескертіп әлдекімге қарсы жазған жоқпын керісінше біріншіден ескертіп отырмын екіншіден әлдекімнің есімін айтудан өзге жол қалмады. Барлық істе ие бар.

Мен неліктен сақтандырмай тек ескертіп отырмын дегенде мен үкіметтің адамы емеспін. Мен тек қана үйде отырып кітап жазып Моңғолдың ұлттық университеті мен Мәдениет пен өнердің  университеті деген университеттерге лекция оқитын адам жоқ болып қалды дегенде барып біраз студенттерге адамзаттың білімінің шыңы мазмұндарын үйретіп оныма қуанып жүретін философ адаммын. Қандайбір қоғамға халыққа мың мың жылдан бері философ адам жүрегіндегі сөзін айтып үйретіп ескертіп келген. Сол адамдардың жасаған істерін мен үйде де түзде де газетпен де теледидардан да айтамын да жүремін. Егер де кімде кім халықтың миын айналдырып көз алдында адам деген факторды келеке етіп ақшалы етемін деп алдап арбап ақша жасап байитын болса сол адамның атын бір рет те емес қайта қайталап айтып ескертетін боламын.

Мен бұл жерде өзімді үкіметтің адамы емес болғандықтан сақтандырмадым дегенім үкіметтен мен айлық жалақы алып міндет атқарып жүрген адам емес болғандықтан үкіметтің алдына түсіп мен ешуақытта жұмыстамаймын. Мен тек қана адамзаттың танып білуін демеп жүретін философ адам тұрғысында адамгершілік пен тәрбиені ұстанып айтар сөзімді айтатын жазатын сөзімді жазатын адаммын. Философ адамдар айтып жазып талпынып тырмыса келе бүгінгі күн үкіметтің теориясын пайда болдырған. Сондықтан Моңғол адам үкімет жайлы айту үшін философия тақырыбында сөйлейді деген сөз.

Жалпы философ адамдар ғана Негізгі заң деген түсінікті және де демократия, бостандық, тең құқық деген ұғымдарды пайда болдырғаны болмаса өзге ешкім де барлығын пайда болдырған емес. Адамзаттың барлық білімі алғаш философиядан шыққан. Философ адам ғана алғаш білмекші болып талпынған. Бірақ тек шындықты білгісі келген. Осылайша философиядан пайда болып шыққан білімдер арықарай тереңдеп мамандық болып өзгеріп бүгінгі күні біз оларды физика химия математика немес қоғамтану психология және де өнер мен мәдениеттану деп атайтын болдық қой. Бұл білімнің тарихы.

Ендеше Моңғол адам әлемнің білім тарихымен қашан танысты? Өзгеше айтқанда Моңғол адамға қараңғы сенімнен құтылатын мүмкіндік қашан табылды?

Социализм кезінде ғана адамзаттың жасаған он жылдық мектептерінен бастап жоғарғы оқу орындары ғылым академиясына дейін кітапханадан бастап үйдің кітап сөресіне дейін осының барлығымен тек қана бір адамның өмір сүретін уақытында ғана Моңғол адам танысты ғой.

Моңғол адам қысқа ғана уақытта үйрену қажеттілігі шыққан жағдай теріс емес тарихи оқиға. Бізге адамзаттың білімімен ерте танысатын мүмкіндік табылмады. Сондықтан Моңғол адам бертінге дейін өзгеше айтқанда социализм кезінде білім кіріп келгенге дейін қараңғы сеніммен өмір сүріп келген дегенді ұмытуға болмайды. Моңғол адамды қараңғы сенім деген қарумен ұстағалы көп жыл болған Тибет пен Манжы адамдардың дәлелі де бар.

Дамыссыз кезде қараңғы сенім қажет. Бірақ дамыған елде қараңғы сенім бөгет болады. Бүгінгі күн дамып алға жүрмекші болған Моңғол адамдарға қараңғы сенім тіпті қиындық тудырып жүр. Жалпы бүгінгі күн қараңғы сенім қылмыс сипатты болғандықтан мен осының барлығын ескертіп жазып отырмын.

Мені қойшы, бір рет қана өмір сүріп өтетін Моңғол адаммын. Бірақ бұл мемлекет арықарай өмір сүреді. Сол арықарай өмір сүретін келешекте ғылым білім барлығынан қымбат. Ғылым білімсіз жүру деген өзгенің ойыншығы болу деген сөз. Бірақ барлық адам жоғарғы білімді болуға міндетті емес. Тек қана көпке ескертіп жүретін жоғарғы білімді адамдар қажет. Олар қоғамды алып жүреді. Осындай адамдарды интеллигент деп атайды. Әрине осы әдемі ұғым да бүгінгі күні қараңғы сенімге толған екен.

Неліктен мен бұл жерде қараңғы сенім жеңе ме немесе білім жеңе деп сұрадым? Себебі бұл сұрақ бүгінге дейін біздің өмір сүріп келген өмір тарихымыздан пайда болған сұрақ. Неліктен Моңғол адам бүгін теледидар көргеннен басқа жұмыссыз болып қалды? Неліктен еңбек жойылып қалды? Істейтін жұмыссыз тұрақты еңбексіз адамдар ғана өмірге күманданып маңайындағыларды қайғыртып жанжал шығарып қапаланып саясат атты жындануды ушықтырып жүргендіктен қараңғы сенімдегілер дәл жаман кезең келгенде лама мен ит қуанады дегендей ертегі болып жүрген жоқ па?

Білім бүгін де шешім шығарудың алдына келген екен. Білім қараңғы сенімге түсіп бере ме?  Моңғол адам ендеше адамзаттың білімінен қашып қорғаланып төрт жол мақал мәтел айтып жан сақтай ма? Немесе қиын және  күрделі ғылым білімді ұстап алып өзін пайда болдырып өзінің иесі бола ма? Неліктен Моңғол адам өзін пайда болдырмай өзгенің туындысы бола береді? Неліктен Моңғол адам қырдың көшпендісі деп өздерінің терістігін қатесін құр сөзбен шатастырады?

Айланып келгенде Ғылым академиясы мен Моңғолдың ұлттық университеті сияқты ұйымдар білімді қорғап арықарай гүлдендіріп шыдамайтын болса осындай ұйымдардың болуының қажеті бар ма? Жай ғана мамандық орындары етіп аттарын өзгертіп енді шындығын айтатын ұйым емеспіз ғой деп жариялау қажет емес пе?

Социализм кезінде адамгершілік, тәрбие атпен халықаралық тәжірибені алып қолданып жүрген болса да демократия атпен адамзаттың бағалайтын бағалы заты тәртіп, ереже, амандасу құрметтеу рәсімі, өзгені қабыл көру сол тәртіптер жойылған. Оны енді қайтадан жаңартты деп социализмнің қалдығын жаңартып жатқан емес керісінше халықаралық тәжірибе мен тәртібін қолданып жатқан әрекет. Моңғол адам Америкада да Европада да немесе Японияда  Кореяда деп Азияның елдерінде де сол жердің адамгершілігі мен тәртібінің ережелерін жақсылап ұстанатын бола тұра неліктен Моңғол еліне үйіне келгенде жабайы болып кетеді?

Әсіресе Америкада оқып келдім немесе Германияда магистр болып келдім немесе Японияда доктор болып келдім дейтін адамдар отанына келгенде тура тәртіпті жоғалтып тұрпайыланып бірдеңе үйренген түрі жоқ болатынының себебі неде? Сол елдердің тәртіптерінің ережелерін жақсылап ұстануға болған болса отанында неге үлгі болып жарнамалап адамгершілік өмір пайда болу сол мүмкіндікке көмек бола алмай жүр? Осы жолы мен Америка, Германия және де Японияда оқу бітіріп келдім деген адамгершіліксіз жастардың аттарын атағам жоқ. Келесі жолы мен аттарын атағаннан таймаймын. Бүкіл қоғам үшін ат атақ шығып бет қызару ештеңе емес.

Білім деген тек қана математика мамандығы немесе тілдің мамандығы емес. Білім деген өзін өзі тану. Өзін тану үшін кім қажет десек тағы да сол өзін өзі таныған адам қажет. Сондықтан кім деген білімді адам кімді білімді етеді деген сұрақ қойылатыны сөзсіз. Кім деген білімді адам кімге қалай білім беріп жатыр?

Осы сұрақтарға біз жауап бере алмаймыз себебі жалған доктордың атағын қуып жалған профессор болып айлық жалақының артынан жүрген осы адамдар қалай ғана білімді болар дейсің. Жалған және теріс кітаптар жалған адамдар жазады және де теріс аударады. Осылай болғанда қараңғы сенімдегілер қасқыр жаңбырда шабады демекші өз еріктерімен желігу ештеңе емес қой .

Шындықты айтуға тиісті ана Ғылым академиясы мен Моңғолдың ұлттық университеті сияқты ұйымдар ешқандай қабылетсіз болып адамзаттың білімін жалғастыратын шыдамсыз болғандықтан бүкіл қоғам шындық деген жоқ деген түсінікті болған екен. Ендеше интернет деген шынайы білімнен пайда болды ғой және де қол телефон да шынайы білімнен шықты ғой. Негізгі заң деген философиядан шыққан шындық қой. Демократия деген шындық та философиядан шыққан. Осының барлығын салыстырмалы немесе жеке сана дей ме?

Адам туғанда бұлшық ет берілгені болмаса ақыл берілмейді дегенде ғана себеп бар ғой. Осы берілмеген ақылды ендеше қалай алып жүріп қалай қолдану қажет? Білімсіз ақылды қолданса не болады? Қыр жерде болатын шығар бірақ Ұланбатыр қаласында болмайды ғой. Ұланбатыр қаласы қыр немесе шіркеудің жиыны емес. Ұланбатыр қаласы мәдениет пен өнердің және де білімнің орталығы болуға тиіс.

Моңғол адам қалай бүтін бола алады? Ондай мүмкіндік бар ма? Өзін танымаған әлемге түсінбеген құдайға теріс қарап өлімді қабыл алмай кету деген қандай үлкен адасу.

Білім деген нарықтық экономика сияқты сұраныс бар болса ұсыныс бар деген ұғым емес қой. Білім деген Негізгі заңмен берілген міндет болуға тиіс. Білім деген үкіметтің тапсырмасы болуға тиіс. Соған қарсы барлық әрекет қылмысқа жатуға тиіс.

Әрине бүгінгі күн интеллигент адамдар жоқ және де білім беретін адам да жоқ болғандықтан интеллигенттердің ұйымы да жоқ ағарту білім берудің де ұйымы жоғалып кеткен екен. Барлығы шахта жағалап өмір сүреді. Шетелден келген мүліктілер де іштен шыққан байлар да шахта айтады. Моңғол адамның сипатын шетелдіктер де іштегілер де бұзған екен.

Бүгінгі күн моңғол адам қандай сипатта жүр? Туған қалпындағысында ма әлде осы екі аралықта жетіліп туғандағысынан жоғарылады ма?

Моңғол адам бүгінгі күн бір істі түсінуі қажет. Біз біріншіде философияның мәселесіне келіп жеттік. Осылай болатын да уақыт болды. Білім жайлы айту деген білім мен адамгершілікті айту деген сөз. Бірақ білім білімтанудан шыққан. Білімтану философиядан шыққан. Адамгершілік жайлы айту деген тәртіп жайлы айту деген сөз. Ендеше тәртіп философиядан шыққан.

Әлемде қараңғы сенім жеңіліп білім жеңіп жатқанда Моңғол адамның өмірінде білім жеңетін уақыт келуге тиісті. Егер де қараңғы сенім жеңіп білім жеңілсе бала шаға жас кезең жеңіледі деген сөз...

 Қырқүйек 30, 2014

Molorerdene

 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021