“Қараңғы сенім” жеңіп “Білім” жеңілді ме? № 2: Моңғол адам сауатты болғанының пайдасы болмағаны ғой

Jan 25, 2021


Қараңғы сенім” жеңіп “Білім” жеңілді ме? № 2: Моңғол адам сауатты болғанының пайдасы болмағаны ғой

Моңғол адам сауатты болғаны арқылы өзін дамытып адамгершілікті азамат болуға тиісті болатын. Бірақ қараңғы сенімнің кітаптарын оқи берсе адам ешқашан дамымайды керісінше сауатсыз адамнан да ары кері қалады. Газет оқи алатынын сауатты болғанының арқасы десе тіпті күлкілі. Газет деген адамды дамыту мақсатта емес.

Қараңғы сенімнен алыстату үшін білім қажет. Осы білімді білім арқылы тауып алады. Ендеше Моңғол адам 70тей жылдан бергі алғаш рет жаппай сауатты болғанының пайдасы бүгінгі күні неге шықпай отыр?

Бүгінгі күні Моңғол адам сауатты болдым деп не оқып жүр? Ештеңе оқымайды өзгеше айтқанда ғылым білім туралы оқып үйреніп шыдамай жүр десек сауатты болудың қажеті бар ма?

Бүгінгі күн көпшілікке арналған ілім білімнің неше дана кітабы апта сайын ай сайын баспаға шығып жатыр? Ендеше қараңғы сенімнің қанша кітабы соңғы 20 шақты жылдар ішінде баспаға шығып Моңғол адамды білімнен толықтай алыстатып шыдады? Қандай кітаптар Моңғол адамды қараңғы сенімді етіп жас кезеңнің дамысын тоқтатып әке шешелерді терең қараңғы сенімге құлатты? Кім?

Еш қатыссыз білімге қарсы қараңғы сенімнің кітаптары танып білу, өмір сүру, құр сипат деген сияқты көптеген кітаптарға сөре толып тұр. Жазушы атты адамдардың бақсы балгер табыну деген ақыл ойдың төменгі деңгейіндегі білімге қарсы кітаптары басылып шығуда оны оқырмандар оқып миларын уландыруда. Сол үшін сауатты болғандағысы ма? Ендеше оқып не түсінді? Және де оқып қандай жаңа нәрсені біліп алды?

Моңғол адам өзін дамытып ақыл ойын қуаттамай құр бос ешқандай мағынасыз ешқандай кепілсіз нәрселерді оқудың қажеті бар ма? Ең қауіпті Моңғол адамның миын төменгі деңгейде ететін оқулық ол газеттер. Моңғол адам газет оқудың қажеті не? Газет оқымауға болады емес пе? Газеттерді кім жазып не үшін жазып неліктен жазып жүргені анық қой. Моңғол адам тек қана газет оқу үшін сауатты болған жоқ емес пе. Қандай үлкен адасу қандай үлкен өкініш еді.

Моңғол адам сауатты болған 40шы жылдар онша жақсы басталмады. Әсіресе ламалар Моңғол адамды білімді болып шіркеуден алыстау дегенге қатты наразы болды. Oлар бала шаға жастарды сауатты болып мектепке кіреді дегенді рұқсаттамай сол кездің сауатсыз әке шешелерді қараңғы сенімдендіріп қоғамның дамысын көп жылмен шегерген.

Ламалармен қатар байлар мен төрелер халықты сауатты болып білімді болады дегенге қарсы өлермендей болып күрескен. Себебі тек қана байлар мен төрелердің феодалдардың балаларының сауаты бар болғандықтан олар халыққа керемет көрінетін. Мысалы үшін Гүрсэд сауатты ал көптің бірі Чимид сауатсыз ғой..

Бүгінгі күні ламалар да және байлар мен төрелер де тағы да сол бүкіл қоғамнан үзіліп халықты қараңғы сенімді етіп білімнен алыстатқан әрекеттер күннен күнге ушығып келе жатыр. Байлар мен төрелер балаларын Америка Англия елдері сияқты қымбат бағалы мектептерге оқытып жатқаны тағы да қоғамның жоғарғы бөлігіне орналастырмақшы болған арам ойлары. Ол орындалмайды. Бүгінгі күні білімді болу үшін онша көп ақшаның қажеті жоқ. Мысалы үшін Германия елінде білім тегін ғой. Сондықтан да ол жақта төрелер мен феодалдар жоқ.

Жоғарғы оқу орындарының кабинеттерінде қараңғы сенім таратқан ламалар ары бері сабылуда. Ғылым академиясы деген ұйым ламаларға толықтай түсіп берген екен. Ғылым академиясы адамзаттың біліміне өкіл бола алғанды қойған екен.

Моңғол адам сауатты болса да төніп тұрған ең үлкен қауіп оқып теріс түсінеді. Келесі жағынан теріс түсінген адамдардың кітаптары да кітапханаға толы. Сауатты болу жақсы іс бірақ теріс түсіну нағыз қараңғы сенімдегілердің үлкен қаруы. Теріс түсндіру мақсаттағы тек  сөзбен ойнайтын қараңғы сенімдегілер бір жағынан саясаткерлерге ұқсайды.

Сөзді қойшы оның мағынасы ең үлкен мәселе. Неліктен моңғол адам тек сөзді ғана маңызды етіп ал мағынаны маңызды етпей келді? Сөздің мағынасын түсіндіріп шыдамаған жалпы шыдамайтын адамдар тіл мамандары. Оларда сөздің мағынасын түсіндіру мамандық жоқ. Тілдегілер қалай ғана өзге мамандықтардың сөздерін түсіндіріп шыдар дейсің. Осы қатені бастатқан адамдардың мысалы Моңғол тілінің түсіндірме сөздігі ғой.

Моңғол тілінің түсіндірме сөздігі деген атты қалың мұқабалы кітап тек қана сөз жинағы болғаны болмаса мағынаның түсіндірмесі емес. Мағынасыз сөзге толған осы Моңғол тіл мамандығының адамдарының кітабы төменгі деңгейде жасалған кедей сөздік кітап.

Сөздің мағынасы деген жеке бір білім саласы. Сөзге сеніп үйренген Моңғол адамды қараңғы сенімдегілер мен саясаткерлер нағыз қуыршақ ойыншық ететін мысалдар көп. Неліктен сөздің мағынасы маңызды дегенде мағына өзі сөзден жоғарғы ұғым. Сондықтан арғы мағынаны түсіну маңызды.

Моңғолдың мақал мәтелі атты “Әлемнің үш ағы” деген бірнеше жолдарда осылай жазылған:

Өскенде тіс ақ

Қартайғанда шаш ақ

Өлгенде сүйек ақ

Онымен не айтқысы келеді? Оның мағынасы не? Ақ деген сөздің арғы мағынасы рас деген ұғым. Осы жолдарды оқып сауатты адам не деп түсінеді? Оны түсінетін ұғым ол барлық нәрсенің өзіндік уақыты бар деген ұғым. Адам жас жүреді ол уақыт бітеді. Адам жасы жетіп қартаяды. Ақырында кім болса да өледі.

Моңғол адам бірден өлім жайлы өте теріс түсінікте болып келген. Оның себебі бірден бір Моңғол діні пайда болатын мүмкіндік шықпаған. Сондықтан Будданың, Христианның, Исламның деген сияқты барлық діндерді араластырып қабылдап келген. Ешқашан дінді түсінбеген. Ол туралы түсіндірмек болып жазған кітап та болмаған.

Неліктен бүгінгі күн Христиан діні табысты болып жүр дегенде олар библді Моңғол тіліне аударып шыдаған. Неліктен Будда діні қараңғы сенім қалпында қалды дегенде Моңғол тіліне аударуға құлықтары жоқ. Себебі таңғажайып пен теңдессіз деген адамдарды қорқытатын қараңғы сенім жойылып Будда дінінің нағыз сипаты танылғалы тұр ғой.

Моңғол адам сөзге сеніп сөздің мағынасын түсінбей жүргенінің бір екі мысалын айтсақ міне осындай. Сөздің мағынасы деген айтқан сөзбен ар жағында нені меңзеп айтты дегенді түсіну. Махаббат деген сөзбен орасан үлкен теорияны меңзеген. Махаббат туралы білмекші болса кітап оқу қажет болады. Кітап оқу деген еңбек. Бірақ Моңғол адам кітап оқып отырған адамға бірдеңе істесеңші жұмыстасаңшы деп былықтырып ақыл ойының дамысын тоқтатады. Дамымаған ақыл қайтетіні туралы Моңғолдардың аянышты тарихынан ақ білінеді ғой.

Әрине махаббат дегенде нақты емес деуге болмайды. Махаббат деген нақты. Несімен нақты дегенде жасайтын әрекеттерімен нақты. Махаббат жоқ емес бар. Сондықтан бар дегенді растау үшін махаббатты көрген болу қажет.

Сөздің мағынасымен мағыналы болады. Шынымен мағынасыз сөзбен ой жүре алмайды. Сөздің мағынасын тұжырымдама және де аты мен формуласы деп те теріс түсіндіреді. Тұжырымдама деген тереңдетіп түсіну. Ендеше сөзде формула деген жоқ керісінше ұғым деген ғана бар.

Стол деген сөзбен осы әлемнің көп мллиондаған столдарын төртбұрыш болса да дөңгелек болса да бірдей атайды. Оны абстракциялау деп айтады. Ол стол нақты емес деген сөз емес. Столды ақыл ойында әр түрлі жағдаймен абстракциялауға болады. Себебі нақты болғандықтан Құдайды абстракциялауға болады. Өзгеше айтқанда нақты емес етуге болады. Бірақ адаммен бірдей түрде нақты емес етеді. Бірақ адамның беті нақты. Ендеше құдай деген сөзбен нені меңзейді.

Сөздің мағынасы дұрыс болып шыдаса сөйлем дұрыс бола алады. Жалған сөйлем айтудың қажеті бар ма? Моңғол адам сауатты болғаны арқылы сөйлеудің тіл мен жазбаның тілі болуға тиіс болатын. Бірақ теледидардан сөйлеп жатқан адамдарға қарағанда сөйлеудің тілі жазба тілі болып шыдамағаны анық көрінеді. Өзгеше айтқанда Моңғол адам сөйлеудің тілінің деңгейінде ғана қалған екен.

Моңғол тілінің мамандары сөзбен ойнап сөзді мағынасыз етіп тастағанының кесірі бүгінгі күні жазба тілі дамып шыдамады. Сондықтан да барлық адам кітап оқитын мәдениетті болып шыдамады. Кітап мәдениет емес әшекей болып қалған.

Неліктен кітап баспаға шығып бастады дегенде бір ұғымды болу мақсатпен басыла бастаған. Бірақ Моңғол адамдар әлемде кітап басылғаннан кейін 500дей жылдан кейін кітап оқып барлығы теріс түсініп барлық адам өзіндік ұғымды болуға тиісті деп қараңғы сенімденеді. Бүгінгі күні Моңғолдың ұлттық университетінің екінші корпусында студенттер кітап оқып барлығы теріс түсінікте болып қалған отырады. Себебі оларға лекция атты жалған сөйлемдер профессор атты жалған оқытушы екеуі бірігіп ми уландырады. Милары уланған студенттер университеттің есігін артқа тастап диплом құшақтап қоғамға кіріп келеді. Осылайша қоғамның улануы жалғасады. Білім болмай қалды ғой. Істер жұмысымыз әлі алда.

Кітап ақыл ой нәрі болуға тиіс. Ақыл ойдың нәрін алып шыдамай жүрген Моңғол адам бүгінгі күні осы әлемнің ең қараңғы сенімді адамдары болып өзгерді. Нағыз адамгершілікті діндер кіріп келмеді. Нағыз адамгершілікті дін кіріп келген болса Гандан шіркеуіне барған адам бір тиын да төлемес еді.

Сөзді алдымен адам естиді. Одан кейін ұмытпай есте сақтау маңызды. Еске сақтау дегенде ақылда тұрады. Одан кейін ұғу деген маңызды. Ұғып алған болса оны растау үшін енді қайтадан сөйлем етіп айтып немесе жазып шыдау деген білімге байланысты.

Жазба тілінде аударма деген бар. Ал сөйлеу тілінде аударма емес түсіндіру өзгеше айтқанда интерпретация деген бар. Ендеше Моңғол адамның айтқанын шетел адамдарына аудардым деп теріс сөйлейді. Аударма жайлы айтсақ бұл жерде қайтадан көп парақ нәрсе жазуға тура келеді. Соңыра әңгімелесетін маңызды тақырып.

Моңғол адам сауатты болғанының пайдасын қолданып қараңғы сенімнен құтылып білімді болу сондай бір шешім шығаратын уақыт жеткен екен. Жаңаны алып ескіні артқа тастайтын сол бір жігер жетіспейді.

Сауатты болу деген жақсы іс бірақ ештеңе оқымаса сауатты болудың қажеті неде?

11ші ай 6, 2014

Molorerdene

Francisco Goya "The Sleep of Reason Produces Monsters" 






Сұхбат, Мақала

© Molor-Erdene 2021